Балалар ЛОР мүшелерінің аурулары

ЛОР мүшелерінің кейбір патологиялық үрдістерін емдеуде полифиттік «Қызыл май» майының әсері.

С. Ш. Баймаканова,  Р. Б. Ибраева,  Р. Н. Есеналиева
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, ЛОР аурулары кафедрасы (меңгеруші – проф. С.Ш. Баймаканова)

«Қызыл май» аурудың кең спектріне байланысты нұсқаулығына сәйкес тағайындалатын әртүрлі әсерге ие 7 емдік өсімдіктің майлы сығындысынан тұратын препарат.

Алайда, көрсетілген тағайындамаларына сай аталған ЛОР аурулардың патологиялық үрдістерінің сипаты бойынша қолдану әдістемесін жасау, тиімділігіне клиникалық баға беру керек.

Аурудың жедел, жеделдеу және созылмалы түрлері болатыны кез-келген маманға таныс,  алайда морфологиялық субстрат сипатына байланысты – атрофиялық, субатрофиялық, гиперпластикалық, вазомоторлы, аллергиялық және т.б. түрлері болады.  Көрсетілген үрдістерде «Қызыл майды» дифференциялды қолданбау -оның патологиялық күйде тиімділігінің аздығымен байланыстырып оның халық арасындағы беделінің түсуіне әкелуі мүмкін.

Сондықтан осы ғылыми-тәжірибелік конференцияның міндеті әртүрлі ауруларда полифиттік майдың оң және теріс жақтарына, оның концентрациясына, мөлшеріне, қолданудың нақты әдістемесіне шынайы тәжірибелік баға беру болып саналды.

Фармаколог-мамандарға ойланатын жайт, «Қызыл май» құрамындағы әртүрлі өсімдіктердің қолдану мақсатына сәйкес шекті салмағын жоспарлау керек (ЛОР ауруларында, асқазан-ішек жолдарының ауруларында және т.б.).

Полифиттік майды ЛОР ауруларын емдеуде  қолдану тәжірибесімен бөліскіміз келеді.

Қазақстанның климаттық-географиялық шарттарына тәуелді фарингитті емдеуде халық арасында  үлкен қызығушылыққа ие. Бұл ауру тамақта шымырлату сезімі мен бөгде дене тұрғандай сезіммен ғана сипатталмайды, сондай-ақ қауіпті ісіктің өсу мүмкіндігі саналатын ятрогенияның даму мүмкіндігі де жоғары.

Гранулезді фарингиті бар 12 науқастың жұтқыншағының шырышты қабатына полифиттік майды жағу әдісі официалды жазбада жұтқыншақтағы дискомфорт сезімін күшейте түсіп, түйіршіктердің ісінуіне және науқастардың жай-күйінің нашарлауына әкелсе, кейбір науқастарда жұтқыншақ шырышты қабатының ісінуі де байқалды. Осыған байланысты полифиттік майдың официалды сығындысын басқа индифферентті өсімдік майымен (шырғанақ, цитраль немесе т.б.) 1:1 қатынаста сұйылтқан жөн.

Жұтқыншақтың атрофиялық және субатрофиялық үрдістерінде 1:2 қатынаста сұйылтылды (полифиттік май мен индифферентті өсімдік майымен). Бұл жағдайда қоспаны науқасты арқасына жатқызылған күйінде мұрынға тамызу арқылы, көмейдің артқы қабырғасы мен мұрын-жұтқыншақтың толық жағылуын қамтамасыз етеді.

Гиперпластикалық ларингитте «Қызыл май» жұтқыншаққа құйғаннан оң әсер бермей, сонымен қатар шырышты қабатты тітіркендіруінен ларингоспазмды асқындыруы мүмкін, сондықтан бұл ауруда препаратты қолдану өте күрделі мәселе.

Жұтқыншақтың субатрофиялық және атрофиялық үрдістерінде сұйылтылған «Қызыл май» препаратын УЗВ-ингаляция түрінде немесе тамызу түрінде (ем-шара санын артық жасамай) қолданған жөн (5-7 реттен көп емес) (кез-келген май трахео-бронхиалды бұтаққа түскенде альвеолаларға түсіп, интерстициалды тіндерде тұнады, ол ары қарай қызметіне әсер етіп олеогранулема шақыруы мүмкін).

Мұрын қуысының ауруларына қатысты «Қызыл май» препаратының нақты бір сұйылтылған күйінде субатрофиялық және атрофиялық үрдістеріне оң әсер көрсететіні белгілі. Клиникалық бақылаулар оны Риссельбах аймағынан мұрынның қанкетуімен жүретін алдыңғы құрғақ ринитте қолдануға болатынын көрсетті.

Сөзді қорытындылай келе, «Қызыл майдың» отоларингологтардың ыстық ықыласына ие болатын дәрілік зат екенін айтуға болады.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ