ЛОР практикасы

ЛОР тәжірибесінде полифиттік «Қызылмай» майын қолдану ерекшелігі.

С.Ш. Баймаканова, С.А. Тауекелева, Р.Н. Есеналиева, А.Т. Нукутов
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, ЛОР аурулары кафедрасы (меңгеруші – проф. С.А. Баймаканова, 2 мемлекеттік клиникалық ауруханасының бас дәрігері Т.Т. Толендиев)

Отандық фармакологтардың жасаған және фармацевтикалық нарыққа енгізген препараты – полифиттік «Қызыл май» майы емдеу тәжірибесінде кеңінен қолданыс тапқан, әртүрлі мамандықтағы көптеген дәрігерлердің ықыласына ие болған. Бұл оның клиникалық тиімділігімен, дәріхана торларында таралғандығымен, халыққа қолжетімділігімен және төмен бағасымен ерекшеленетіндігімен байланысты. Қазіргі күнде өзіндік емделу мақсатында полифиттік майын бақылаусыз қолдану жағдайлары да үнемі кездеседі, клиникалық көзқарас тарапынан бұл жағдай әрдайым құптала бермейді.

Полифиттік май басқа майлар сияқты ЛОР тәжірибесінде кең қолданыста. Айта кететін жайт, максималды клиникалық әсер алу үшін жағымсыз асқынуларды минимизациялау мақсатында препараттың тек қана фармакологиялық қасиетін білу жеткіліксіз, сонымен қатар, ауру түрін де, оның сатысын, даму патогенезін, тіннің гистоморфологиялық құрылымын да бағалаған жөн. Солармен бірге препаратпен әсер етуді әдістемелік дұрыс жүзеге асыра білген де дұрыс (жағу, аппликация, қуысқа енгізу және т.б.). Осы факторларды ескергенде қана клиникалық әсерге қолжеткізуге және жанама асқынуларды болдырмауға болады. Бұл полифиттік майға ғана қатысты емес, сондай-ақ жергілікті қолданылатын кез-келген препаратқа қатысты.

Кең спектрлі фармакологиялық әсерінен «Қызыл май» ЛОР мүшелерінің ауруларының көптеген түрлерінде қолдануға болады. Мысалы, Қазақстан Республикасының климаттық шарттарында кеңінен таралған атрофиялық және субатрофиялық риниттер, әртүрлі фарингиттер, созылмалы отиттер мен гаймориттер және т.б. емінде тиімділігін көрсетеді.  ЛОР мүшелері тарапынан әртүрлі түрдегі патологиялардың жедел сатысында полифиттік майды қолдану біршама шектелген. Полифиттік майды риниттің аллергиялық, вазомоторлы және инфекциялық-атопиялық түрлерінде сақтықпен қолданған дұрыс, себебі препараттың жоғары концентрациясы мұрын қуысының ауруларында асқынуды шақыруы мүмкін.  Стационар жағдайында полифиттік майды радикалды және мастоидальді қуыстардың эпидермизациясының күшеюіне, отадан кейінгі мерзімде – мұрын жақтауының резекциясынан кейінгі кезде, мұрын сүйегін рефрактуралағаннан соң, құлақ иірімдерінің перихондритінде және т.б.  қолдануға болады. Көмейге стандартты полифиттік майын құюдың қажеті жоқ, себебі ларингоспазм немесе көмейдің ісінуі (жүзден бір науқаста болу қаупі) даму қаупі туындауы мүмкін.

Бейтаныс болған «Қызыл май» препаратымен бастапқыда танысқанда тыныс жолдарының шырышты қабаты тарапынан арнайы реакциялар байқалды. Мұрын қуысына жәй ғана тамызу кезінде мұрын ішінде қышу мен шымырлату,  түшкіру, қарқын сұр түсті бөліндінің шығуы. Осындай науқастарды тексергенде мұрын шырышы тарапынан ең көп көрінетін белгілер: ісіну, гиперемия, шырыштың жергілікті қабынуы, тамырлар инъекциясы және т.б. Осы өзгерістердің көбісі препаратты тоқтатқаннан кейін жойылады. Жұтқыншақты және бадамша бездерін жәй ғана полифиттік май ерітіндісімен жағу кезінде тамақта жыбырлау, құрғақтық, қышу, жөтел әртүрлі деңгейде байқалуы мүмкін.

Полифиттік майдың осы барлық жағымсыз әсерлерін индифферентті майлармен жоғары деңгейде сұйылту арқылы 5%, 10%, 15%, 20% ерітінді түрінде қолдануға болады.

Атропиялық және субатропиялық ринитті емдеу кезінде жағылмалы тампондармен аппликациялауда ең минималды концентрациядағы полифиттік майды қолдану керек. Жұтқыншақ тінінің лимфоидты гиперплазияланған бөліктерін жоғары концентрлі ерітіндімен жағу керек, ол ары қарай олардың қысқаруына әкеледі. Полифиттік майды қолданудың тиімді әдістерін, оның концентрациясын, енгізу жолын өңдеу мақсатымен біздің кафедрада жинақталған клиникалық тәжірибелерді жалпылау және эксперименталды негіздеу қажет.

Алынған нәтижелер негізінде ЛОР тәжірибесінде әртүрлі концентрациядағы полифиттік майдың официалды препаратын қолдануға ыңғайлы арнайы орамда шығару мүмкін болады деп есептейміз.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ