Фтизиатрия

Полифиттік «Қызыл май» майын фтизиатрия клиникасында қолдану нәтижелері туралы.

Т. Б. Бекенов, Ш. Ш. Исмаилов, В. И. Фирсов

Қазақ туберкулезді ғылыми – зерттеу институты

Полифиттік «Қызыл май» майы созылмалы және жедел сатыдағы арнайы емес ларинго-фарингит және фолликулярлы баспаны емдеуде фтизиатрия клиникасында қолданылды. Препаратты жұтқыншақ шырышты қабатын, көмей, бадамша бездер мен мұрын шырышты қабатына жағып, нәтижесінде гиперемияның азайғаны, ісіну мен инфильтрацияның төмендегені байқалды. Ауру сезімі тоқтап, шырышты қабат фибрин қағынан тазарды. Бұл препаратпен жоғары тыныс жолдарының инфекциялық аурулары бар 14 науқас емделді. Науқастардың барлығында жалпы емдеу әдісі қолданылған бақылау топпен салыстырғанда емделу мерзімінің 5-6 күнге қысқарғаны байқалды.

Бұл препаратты торокалды фтизиатрия клиникасында 9 науқасқа іріңді отадан кейінгі жараларды емдеуде қолданылды. Бұл кезде, 2 науқаста жаралы инфекция қант диабеті себептен дамыған. Полифиттік май жара бетіне аппликация түрінде және тампон түрінде күніне 1 рет қойылды.

Препаратты қолданудың нәтижесінде іріңді детриттер мен некрозды массадан жара бетінің тез тазарғаны байқалды. Грануляциялы тіннің өсуі тездетіліп, эпителизацияланды. Жалпы полифиттік «Қызыл май» майды қолдану жараның бақылау тобына қарағанда 5-7 күнге жылдам жазылуына мүмкіндік берді.

Қорытындылай келе, полифиттік «Қызыл май» препаратының жедел және созылмалы жоғары тыныс алу жүйесінің  іріңді жарасы бар науқастарды жергілікті  емдеуде кеңінен қолдануға ұсынуға болатынын айтуға болады.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
+7 (727) 297 27 00
+7 (727) 297 27 01
+7 (727) 297 29 36
+7 (727) 294 34 74
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ