Асқынуларда

Асқынуларды емдеуде полифиттік «Қызылмай» препаратын қолдану.

Ш. И. Искакбаев, В. В. Брюшков, М. А. Абдикасов, К. А. Мажибаев
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, урология кафедрасы (меңгеруші – доц. Ш.И. Искакбаев)

Отадан кейінгі бастапқы және кейінгі мерзімде науқастарда аденоэктомиядан кейін цистит, лакунит, жараның іріңдеуі сияқты созылмалы инфекциялардың белсенділенуі алғашқы орынды алады. Әдебиет көздерінің мәліметтері бойынша қуықтың қабынуы 64,3 -76,4% науқастарда кездеседі. Оның себебі отадағы жарақаттан бөлек, қосымша простатит, аденомит ауруларының болуы, клиника жағдайында аденомасы бар науқастардың зәр шығару жүйесінің инфекцияларын адекватсыз емдеуден болады.

Жоғарыда аталған асқынулар антибактериалды ем (ангиограммаға сәйкес) жүргізу қажеттігін талап етеді. Бұл жағдайда қуықты антисептикалық ерітіндімен жуу, ары қарай антисептикалық және қабынуға қарсы әсерге ие коллоидты күміс ерітіндісімен инстилляциялау (3% колларгол ерітіндісі және т.б.) қажет. Циститтің өткір сатысында балық майы, шырғанақ майы сияқты майлы ерітіндімен инстилляциялау, және де химиопрепараттар (синтомицинді және т.б.) эмульсиясымен өңдеу керек.

Соңғы жылдары Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты урология клиникасында отадан кейінгі цистит пен іріңді жараларды емдеу үшін шәйқурайлы-полифиттік май «Қызыл май» 77 науқасқа қолданылды. Олардың 57-сі аденомэктомиядан кейінгі циститті емдеу, 20 науқасқа – іріңді жараларды емдеу жүргізілді. Шәйқурай-полифиттік май құрамында шәйқурайдың гүлдері мен жемістерінің, шырғанақ, итмұрын, тырнақгүл, қалақай және т.б. емдік өсімдіктердің майлы сығындылары бар. Циститті емдеу кезінде қуықты жуғаннан кейін жылытылған ПФМ «Қызыл маймен» 15—15 мл-мен трансуретралды немесе трансвезикалды түрде дренаж арқылы  инстилляция жасалды. Енгізілген май 45 минут бойы қуықта қалдырылып, кейін шығарылды. Көрсетілген ем-шара 10 күн бойы жүргізілді. Бұл жағдайда науқастар тарапынан 5-6 манипуляциядан кейін-ақ зәр шығару кезінде ауру сезімінің азайғандығын, зәр шығару жиілігінің азайғанын айтты.

Аденоэктомиядан кейінгі іріңді жарасы бар 20 науқасқа ПФМ сыртқа қолданылды. Ол үшін байлама жасау кезінде өңделген жара бетіне майлы турунда қойылды, ол әр күн сайын өзгертіп отырылды. «Қызыл майды» қолдану эпидермис регенерациясын ынталандырып, жарадағы грануляцияны күшейтті, осылайша ПФМ қолданылмаған топтағы науқастармен салыстырғанда жараның жазылу уақыты 7-10 күнге  қысқаруына әкелді.

Осылайша, жоғарыда аталған мәліметтер «Қызыл май» перапаратының урологиялық стационарда аденомэктомиядан кейінгі циститтер мен іріңді жараларды емдеуде қолдануға ұсынуға болатындығын көрсетті.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ