Балалар ларингиты

Балалардың созылмалы субатрофиялық, атрофиялық ринит, фарингит және ларингитін емдеуде полифиттік «Қызыл май» майын қолдану.

Р.Г. Халитова, Б.Р. Рымжанов, Е.Р. Гончарова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, балалардың ЛОР аурулары кафедрасы

Балалар тәжірибесінде мұрын, жұтқыншақ және өңеш шырышты қабатында созылмалы субартофиялық және атофиялық үрдістер жиі кездеседі, олар рецидивтік және ұзақ уақытқа созылу ағымына ие, емдеу мен алдын-алудың ең тиімді тәсілін қолдануды қажет етеді.

Осы ауруларды емдеу шырышты қабаттың секрециясын төмендететін және алмасу үрдістерін жақсартатын қабілетке ие дәрілік заттарды қолдануға бағытталады. Осы мақсатта жағымды трофикалық, қабынуға қарсы әсерге ие, шырышты қабатта алмасу үрдістерін жақсартатын, капиллярлардың өткізгіштігін жақсартатын, бездердің секрецияларын қалпына келтіретін қасиетке ие полифиттік «Қызыл май» майын қолдандық.

Зерттеуге мұрын-жұтқыншақ мен өңешінде субатрофиялық және атрофиялық өзгерістері бар 96 ауыратын бала алынды. 30 балада субатрофиялық ринит, 7 балада атрофиялық, 1-уінде озенмен ауыратын балалар тіркелді. Мұрынның шырышты қабатының атрофиялық зақымдануларында шырышты қабатының алмасу үрдістерінің айқын бұзылысы, әсіресе регенерацияға қабілетінің төмендеуі, некрозды қатпарлардың түзілуі, шырышты қабаттың құрғақтығы, капиллярлардың сынғыштығы, мұрын қанаққыштығы байқалды.

Осы топ балаларын емдеу келесі сызба бойынша жүргізілді: мұрын қуысын минералды су «Сары-ағашпен» немесе шөптер тұнбасымен (киікоты, шатрыаш, түймедақ)  жуғаннан кейін мұрын қуысына полифиттік май сіңірілген мақта тампонымен уқалап емдеу жасалды (10-15 қимыл), ары қарай мұрын қуысы жолына турунда түрінде «Қызыл май» полифиттік майы енгізілді. 2 сағаттан кейін турунда алып тасталды. Емдеу курсы 10-12 күн. Емдеу жылына 2 рет жүргізілді.

Полифиттік майды қолданудан субатрофиялық және атрофиялық риниті бар балалардың көбінде жағдайының жақсарғаны байқалды, мұрынындағы құрғақтық, ауру сезімі азайып демалуы жақсарған. Ринископия кезінде мұрын қуысының шырышты қабаты қалыпты түске келген, секреция қалпына келіп, қабықтану жойылып, мұрын қанауы тоқтаған. Сонымен, 29 науқас баланың емінен жақсы нәтиже алынды, 6 баланың жағдайы қанағаттанарлық, ал 3 балада айтарлықтай өзгеріс болмады. Полифиттік май мен өсімдік тұнбаларының комбинирлі қолданылуы балалардағы субатрофиялық және атрофиялық ринитті емдеуде бұл дәрінің және емдеу тәсілінің жақсы емдік әсер көрсететіндігі себептен, қарапайым және қолжетімді болғандықтан стационарлық және амбулаторлық тәжірибеде қолдануға ұсынуға болады.

Екінші топтағы балалар субатрофиялық фарингитпен (34 бала) ауырады. Полифиттік майды жұтқыншағының артқы қабырғасына жергілікті жағу түрінде күніне 2 рет, 10-12 күн бойы қолданылды. Емдеу курсы 15 күнді құрады. Жарты жылдан кейін емдеу курсы қайталанды.

Оң нәтиже (жұтқыншақта қышу, қабықтану, құрғақтықтың болмауы, жұтқыншақта бөгде заттың тұрғандай сезімі жойылуы, жалпы күйінің жақсаруы) барлық балаларда байқалды, алдын қабылдаған емдеу түрлерінің жақсару белгілері байқалмаған болатын.

Үшінші зерттелуші топты субатрофиялық ларингитпен ауыратын балалар құрайды. Бұл ауру балаларда көп кездеспейді, бірақта осы патология аз зерттелген және тиімді емдеу құралының болмауымен сипатталады. Сондықтан осындай тиімді заттар мен емдеу тәсілін іздестіру балалар арасындағы жұтқыншақ ауруларын емдеуде отоларингологияда өзекті мәселелердің бірі саналады.

Біздің бақылауда 18 бала болды, олар 9 жастан үлкен балалар, 1 жылдан 3 жылға дейінгі уақыт бойы ауыратын, негізгі шағымдары тамағындағы құрғақтық, сырыл, жөтел, тамағында қышу сияқты шағымдары болды.

Жұтқыншағын тексергенде әртүрлі деңгейдегі шырышты қабаттың гиперемиясы байқалды. Шырышты қабат құрғақ, жұтқыншаққа тән жылтыр болмады. Науқастардың көбінде дыбыстық және вестибулярлық жиырылымдар қою бөліндімен қатпарланып тұрды. 4 науқасқа 5 мг химотрипсинмен ингаляция жасалды. Науқастардың әрбірі 10 ем-шара алды. Субатрофиялық ларингитпен ауыратын 14 бала химотрипсинмен ингаляциядан басқа тағы полифиттік маймен де ингаляция алды. Емдеу курсы 10 ингаляция. 1 ингаляция 2 мл полифиттік маймен жүргізілді. Емдеу жылына 2 рет жүргізілді.

Ингаляция курсынан кейін жұтқыншақты қарағанда қабықтанудың азайып және мүлде жойылғаны байқалды, шырышты қабаттың гиперемиясы азайды. Шырышты қабат ылғалды, жылтыр күйге келді. Субъективті сезімдер: құрғақтық, қыру сияқты басқа да сезімдер 6-7 ингаляциядан кейін азайды. Химотрипсин мен полифиттік маймен емделудің екінші тобында ісінудің азаюы мен дауыстың қалпына келуі ерте 4-5 ингаляциядан кейін болды, жүргізілген ем ұзақ уақыт (6-8 айға дейін) сақталды.

Осылайша, химотрипсин мен полифиттік майды қолдану оң нәтижеге тез жетуге мүмкіндік берді. Химотрипсин мен полифиттік майды қолдану біршама тиімді, субатрофиялық ларингитпен ауыратын балаларға кеңінен қолдануға ұсынуға болады.

Алынған мәліметтер балалардың тыныс алу жүйесінің шырышты қабатының созылмалы дистрофиялық үрдістерінде полифиттік майдың жақсы емдік әсер көрсететіндігін: трофикасын жақсартатыны, қабынуды жоятыны, шырышты қабаттың секрециясының артуын, тыныс алу жолдарының қызметін қалпына келтіретінін атап айтуға болады. ЛОР тәжірибесінде полифиттік майды қолдану кезінде атрофиялық үрдістері бар патологияларда балалардың жоғары тыныс жолдарының анатомиясының ерекшеліктері мен физиологиясына үлкен мән берген жөн.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ