Полифиттік «Қызыл май» майы

кызыл май
Қабынуға қарсы, антибактериялық, жараны жазатын,регенерациялайтын, жалпы сергітуші.
Өнім голограммамен "Түпнұсқа авторлардан" паналы

Қызыл май майы – алтайдың ескісенімдерімен және оригинал технология бойынша  дәрілік өсімдіктің 7 түрінен дайындалған табиғи сығынды түріндегі дәрілік зат. Бұл өсімдіктердің биологиялық белсенді заттарының кешені (сапониндер, гликозидтер, флавоноид түріндегі фенолдық қосылыстар, эфир майлары түріндегі терпеноидтар, полисахаридтер, органикалық қышқылдар, дәрумендер, минералдар және т.б.) қабынуға қарсы, антибактериалды, жараны жазушы, регенерирлеуші, тонизирлеуші және жалпы нығайтқыш әсер көрсетеді.

Босатылу түрі:

  • 30 мл
  • 50 мл
  • 100 мл

Біздің компанияның тарихы 1992 жылдан басталады, ағайынды Перепелица Владимир мен Евгений бастамаларымен ұйымдастырылып, Алма-Ата фармацевтикалық фабрикасында алғашқы өнеркәсіптік өнім шығарылды.

«ФитОлеум» компаниясының ең танымал өнімі полифиттік «Кызыл май®» майы – Қазақстан Республикасында тіркелген алғашқы оригиналды дәрілік зат.

1992 жылы отандық фармацевтикалық өндірістің тұңғышы ағайынды Перепелица Владимир мен Евгений бастамаларымен ұйымдастырылып, енгізілді. Алғашқы өнеркәсіптік өнім 1992 жылдың басында Алма-Ата фармацевтикалық фабрикасында шығарылды. ПФМ алуға шикізат Іле Алатау бөктерінде өсірілген экологиялық таза аймақтардан фармакологиялық белсенді заттары максималды жиналған мерзімде жиналған өсімдіктер болып табылады.

Технологиялық операциялардың да маңызы зор: экстрактылардың температуралық режимі, табиғи экстрагенттерді қолдану, консерванттарды, бояуларды қолданбау, осының барлығы біздің өнімнің эксклюзивтілігін анықтайды.

Қурамы



Қызыл май нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • ринитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте, пневмонияда
  • гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында, колитте, энтероколитте, проктитте, геморройда
  • жатыр мойыны эрозиясында, кольпитте, цервитте, циститте, простатитте
  • термиялық, химиялық және сәулеленуден кейінгі күйіктерде, тесілулерде, дерматиттерде, дерматоздарда, баяу жазылатын, оның ішінде жұқпалы жаралар мен ойық жараларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тыныс алу жолдары аурулары кезінде:

  • Мұрын жолдарының шырышты қабықтарына күніне 1 – 3 рет жағу түрінде. Емдеу курсы – 2 – 6 апта
  • Мұрынжұтқыншаққа немесе көмейге 0,5 мл-ден құю, курсы 10-15 емшара
  • Ішке тамақтанардан 20-30 минут бұрын ересектерге 1 шай қасықтан, балаларға 3 жастан бастап 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет. Емдеу курсы – 2-6 апта.

Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде:

  • 1/2 шай қасықтан күніне 4-6 рет тамақтанардан 1 сағат бұрын қышқыл сүт өнімдері, кисель немесе балмен ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
  • Простатитте, проктитте, геморройда препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) күніне 10-15 мл-ден 1 рет енгізеді, емдеу курсы 20-25 емшара. Сыртқа – анус сызаттары, геморрой кезінде күніне 2-3 рет жағу керек.

Тері және шырышты қабықтың күйіктері, тесілулері, сәулемен зақымданулары кезінде:

  • Өңезден тазаланған беткейге майды жағып, күн сайын ауыстырып тұратын дәке таңғышты салады.

Көмей, өңеш, асқазан обырын сәулемен емдеуде:

  • Тамақтанған соң 1/2 шай қасықтан күніне 6-8 рет сәулемен емдеудің бүкіл курсы бойы және одан әрі тағы 2-3 апта.

Гинекологиялық аурулар кезінде:

  • бүркіп-сулау түрінде, майға малынған тампондарды қынапқа енгізеді, емдеу курсы 20-30 емшара.

Жағымсыз әсерлері

  • сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекeттесуі

  • Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Препаратты косметикалық тәжірибеде пайдалануға болады. Препарат иммунитет қорғанысы төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдегенде жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

  • Қызыл майды балалар тәжірбиесінде 3 жастан бастап ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

  • Препаратты жүктілік және лактация кезеңінде қолдану ұсынылмайды.

Дәрілік заттың көлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшеліктері

  • Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қолданар алдынды шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ