Шырғанақ Қызылмай қосылған суппозиторилер

Қабынуға қарсы, регенерациялайтын, жараны жазатын әсерлері.

Әсер етуші заты полифиттік «Қызылмай» майы – өсімдіктекті зат және шырғанақ майы болып табылатын оригиналды дәрілік зат. Құрамына қабынуға қарсы, ауруды басатын, жараны жазушы, микробқа қарсы, әсер ететін, зақымдалған тіндердің қалпына келуін ынталандырушы қасиетке ие шырғанақ майы кіреді. «Қызылмай» суппозиторилерінің заттар комбинациясы: 15-тен аса химиялық жеке компоненттерден тұратын ара балауызы, суппозиторилердің емдік бастамасын білдіретін какао майын құрайды.

Жоғарыда аталған препарат компоненттерінің жұмсақ әсері ешқандай жанама әсерсіз, балдын исін сездіретін балауыз Сіздің мынадай ауруларыңызды емдеуде көмектеседі: гинекологиялық аурулар (жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, вагиниттерде, эндоцервициттерде), урологиялық аурулар (циститтерде, простатитте), проктологиялық аурулар (геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктатиттерде).

Қурамы



Шырғанақ Қызылмай қосылған суппозиторилер нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, кольпиттерде, вагиниттерде, эндоцервиттерде;
  • урологиялық ауруларда – циститтерде, простатитте;
  • проктологиялық ауруларда – геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады. Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз көріністер мен басқа әсерлер байқалған жағдайда препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препарат компоненттеріне жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекeттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы:

  • Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация:

  • Препаратты жүктілік және бала емізетін әйелдерге пайдалануға болады.

Препаратты автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:

  • Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 18°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ