Лазерлік ем кезінде қолдануы

Сәулелік ем қабылдауда полифиттік «Қызыл май» майын қолдану.

Дубинин Р.А.
ОТО ГКБСИП Алматы қ-сы (бас дәрігер – Барталов А.Б.)

Соңғы екі жылдықта ФТО ГКБСИП  дәстүрлі әдістермен қатар, медикаментозды ем қабылдау және физио ем-шаралармен бірге дәртүрлі емес медицинаның препараттары: мумие, прополис және «Қызыл май» полифиттік майын қолдану да кең етек ала бастады.

Жаңа бальзамдық фитопрепарат «Қызыл май» Алматы қаласының дәрігерлерін жетілдірудің Қазақ институты технология, фармакология және дәрілер сапасын бақылау кафедрасының қызметкерлерінің және Фитолеум ЖШС қызметкерлерінің бірлесуімен клиникалық тәжірибеге енгізілген. Фитобальзамның құрамына кіретін шәйқурайдың гүлі, жапырағы, жемісі, тамырынан, шырғанақ мия, итмұрын, қалақай және басқа да өсімдіктерінен биологиялық белсенді заттарын бөліп алып, сақталуын қамтамасыз ететін өндірісінің түпнұсқа технологиясы қабынуға қарсы және регенерациялаушы қасиетін сақтауына өте тиімді. «Қызыл майдың» осы қасиеттері асқазан және он екі елі ішек аурулары бар (эрозиялы гастрит, асқазан мен он екі елі ішегінің жарасы) науқастарды емдеуде, урологияда – простатитті емдеуде, гинекологияда – эрозия, кольпит, эндоцервицитті емдеуде лазерлік еммен бірге қолданылды.

Инфрақызыл және гелий-неон лазерімен ем тағайындалған 127 науқас «Қызыл май» препаратын ішке 1 шәй қасықпен күніне 2-3 рет ішу арқылы және жергілікті (тампондар, микроклизма жасау арқылы) емделген. Лазер емі тағайындалған науқастарға полифиттік май ем-шараны жеңіл өткізуге септігін тигізетіні, 3-ші  және 5-ші емнен кейінгі асқынуды ағзаның қарсыласу реакциясын төмендетіп немесе мүлде жоятыны байқалған. Барлық науқастар «Қызыл майды» жағымды дәмі мен исін ұнатып жақсы көңіл-күймен қабылдады.

Полифиттік «Қызыл май» майының қарсы көрсетілімі ретінде тек бір ғана сирек кездесетін белгі препараттың сұйылтылмаған күйіндегі жеке көтереалмаушылық сияқты клиникалық белгіні атап айтуға болады (127 жағдайдың бір жағдайы).

Жоғары емдік тиімділігі мен қарсы көрсеткіштерінің болмауы лазерлік ем қабылдайтын науқастарға антиоксидант ретінде ұсынуға болатынын көрсетті.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ