Дерматозды

Полифиттік «Қызыл май» майын созылмалы дерматозды науқастарға қолдану

К. X. Ахмедова, Т. К. Макашев, Л. И. Малишевская, А. Я. Клебанова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, дермато-венерология кафедрасы (меңгеруші доцент Ахмедова К.А.)

Соңғы кездегі дерматологияда қол жеткізген жетістіктерге қарамастан, созылмалы дерматоздар түрін емдеу (экзема, нейродермит, дерматит, псориаз және т.б.) әлі күнге дейін үлкен қиындықтар туындатады.

Осыған байланысты, отандық шикізаттар негізінде жаңа бальзамдық «Қызыл май» препаратының тәжірибеге енгізілуі үлкен қызығушылыққа ие. Препарат ЗПМ-7 (шәйқурай-полифиттік майы) атауымен 1992-1993 ж. клиникада сынақтан өтті.

Клиникалық сынақ жүргізу негізінде «Қызыл май» компоненттерінің көбі липофильді және гидрофильді құрылымды болып келеді. Суда еритін компоненттер экстрактқа тірі өсімдіктерден жасушалық шырынмен бірге түседі, сондықтан препаратты майдағы эмульсия ретінде қарастыруға болады. Полифиттік майдың құрамындағы биологиялық белсенді заттардың кешені каротиноидтар мен флавоноидтардың есебінен қабынуға қарсы, регенерациялаушы қасиетті қамтамасыз етеді. Каротиноидтардың токоферолмен тиімді үйлесуі препаратқа дәрумендік қасиет береді, сол себептен созылмалы дерматоздардың көптеген факторларына әсер етеді.

«Қызыл май» полифиттік майы экземамен ауыратын, псориаз, нейродермит, аллергиялық дерматит, ихтиозбен ауыратын науқастарға сыртқа күніне 2 рет жеңіл жағу арқылы тағайындалды. Экземамен ауыратын науқастарға қосымша салқындатушы ем-шаралар қолданылды. Науқастардың көбісі 10-15 күн бойы полифиттік майды қабылдады.

Полифиттік маймен жағу 37 науқасқа жүргізілді: 22 – псориазбен, 9 – экземамен, 2 – нейродермит, 2 – дерматит, 2 – ихтиозбен ауыратын науқастар. Емделушілердің жасы 15-тен 59 жасты құрады, олардың ауырғанына 10-жылдан 20 жылға дейін уақыт болған. Препаратты барлығы жақсы көтере алды. Жағудың 4-5 күні гиперемия, қышу, ашу (экзема, нейродермиті бар науқастарда) белгілері азайып, жаңа қабыну ошағы азайғандығы байқалды.   Айқын клиникалық жақсару белгілері псориазбен ауыратын 10 науқаста, экземамен ауыратын – 5 науқаста, нейродитметпен – 1, дерматитпен – 2 науқаста байқалды, айтарлықтай жақсару – гиперемияның толық жойылуы, оқшауланған папулалар мен қабыршақтанудың тоқтауы – псориазбен және экземамен ауыратын 8 науқаста және ихтиозбен ауыратын – 1 науқаста тіркелген. Майды қолданудан сәл ғана өзгеріс псориазбен ауыратын 4 науқаста, нейродермитпен ауыратын – 1, ихтиозбен ауыратын – 1 науқаста көрінді. Маймен емделу кезінде ешқандай жағдайда жанама әсер тіркелмеген.

Осылайша, біздің зерттеулер тері құрғақтығымен және инфильтрациясымен сипатталатын созылмалы дерматоздарда препараттың біршама тиімділігін, қолжетімдігін және науқастардың жақсы көтере алушылық қабілетін көрсетті.