Клиникалық қолдануы

«Қызыл май» фитобальзамының технологиясы мен клиникалық қолданылуы.

Көптеген ауруларды емдеуде емдік және алдын-алушы заттар ретінде өсімдік түрлері медицинада ертеден қолданылады. Әртүрлі технологиялар бойынша дайындалған кешенді бальзамды фитопрепараттар ерекше бағалы деп саналады. Бұл жағдайда көбіне экстрагент ретінде табиғи заттар – май, қатты майлар, спирт, су қолданылады. Осындай фитопрепарат алудың күрделілігі биологиялық белсенді заттарды барынша көп мөлшерде нативті түрде сақтап, фармакологиялық әсерлі бағытталған ББЗ кешенін сақтау болып табылады. Бұл сұрақтар әртүрлі технологияларда «ноу-хау» жасайды.

«Қызыл май» фитобальзамы – метаболикалық әсерлі табиғи препараттар тобына жатады және өзінің құрамында 7 өсімдікті құрайды, оның 6-уы тағамдық, яғни гомеостазды реттеуші қызмет атқарады. Препарат медициналық тәжірибеге ҚР ДСМ көмегімен фармакологтармен, технологтармен және КазГИУВ дәрілер сапасын бақылау бөлімімен және ЖШС «ФитОлеум» базасымен, көптеген ғылыми-зерттеу институттарымен және емдеу ұйымдарымен енгізілген.

ПФМ дайындау үшін Тянь-Шань мен Алтай тау бөктерінің биоценоздарында экологиялық таза жерде жабайы өскен өсімдіктер қолданылды. Шикізат ретінде итмұрын, шырғанақ, шәйқурай, мия, қалақай, жебіршөп пен сермене сияқты өсімдіктердің әртүрлі мүшелері: гүлдері, жапырақтары, жемістері, тамырсабақтары қолданылды. ББЗ максималды жинақталған мерзімде өсімдіктің әртүрлі бөлігі жиналған. Жинақтау кезінде дамудың фазасы, биоценоз ерекшелігі, астробиосфералық әсер факторлары ескерілді. Осылардың барлығы экстракциялау режимі технологиясының арнайылығын, яғни «ноу-хау» екендігін білдіреді. ПФМ дайындау үрдісі Алматы фармацевтикалық фабрикада аяқталды. Өндірудің технологиялық сызбасы келесідей операцияларды қамтиды: тұндыру, композиттерді қосу, тыныштық күйге қалдыру, сүзу, құю. Өндіру үрдісінде химиялық қоспалар, реагенттер, жоғары температура қолданылмайды.

Сапалы технология ПФМ құрамына липофильді және гидрофильді қосылыстары бар биобелсенді заттардың табиғи түрде сақталуын қамтамасыз етеді. Суда еритін құрылымдар балғын өсімдіктен жасушалық шырынмен бірге экстрактқа шығады.

«Қызыл май» ПФМ медициналық тәжірибеде қолдануға рұқсат етілген дәрілік өсімдіктерден алынған майлы сығындылар болып табылады. Клиникаға дейінгі және клиникалық сынақтан өткендігін дәлелдейтін 7 өсімдіктің барлығының регламенттері (фармакопеялық бап) бар. «Қызыл май» фитобальзамының нұсқаулығында көрсетілгенге қарағанда осы шикізаттар мен препараттар кең фармакологиялық спектрге ие құрамнан тұрады.

Итмұрын, шәйқурай, шырғанақ, қалақай, мия, сермене, жебіршөптің негізгі әсер етуші заттары фитонцидтер, эфирлер, бальзамдар, сұйық майлар, дәрумендер, продәрумендер, микроэлементтер, органикалық қышқылдар, ферменттер, сондай-ақ полифенолды гликозидтер, үштерпендер, антрахинонды құрылымдардың мөлшері бар. Қолданған өсімдіктерде күшті әсерлі және улы қосылыстар жоқ.

Тереңдетілген биотехникалық талдау «Қызыл майдың» құрамында мг түрінде келесідей % заттар барын көрсетті: каратиноидтар – 2,0 аз емес, флаваноидтар – 0,5 жуық, токоферол – 14,1; ретинол – 0,001; қанықпаған майлы қышқылдар: олеин – 18,5; линолен – 0,7; эрук – 1; микроэлементтер мг түрінде келесідей %: MnО – 0,001; Мg – 1,0; Со – 0,01; Сu – 0,03: Si – 0,01; Са – 1,0; Ti – 0,0001 және басқалар. Уытты қауіп көрсететін элементтер: күшән,  селен, хром, мырыш анықталмады, ал қорғасынның мөлшері жіберілетін нормадан 100 есе төмен. Радиобелсенділікке тексеру нәтижесі олардың жоқтығын білдіреді. ПФМ тән ББЗ кешені каратиноидтар, флаваноидтар мен эфир майларының себебінен қабынуға қарсы, репаративті қасиетті қамтамасыз етеді. Антиоксиданттық қабілеті токоферолдың, линоль және линеолен қышқылдарының болуымен түсіндіріледі. Майлы-қышқылды кешен холестериннің мөлшерін реттейді. Флаваноидты компоненттер, эфир майлары, өсімдік текті, антибиотиктер мен шайырлар препаратқа ауруды басатын, түйілуді жоятын және антибактериалды қасиетке ие. Органикалық қышқылдар – лимон, алма, янтарь қышқылдары – «апат» реттеушілері, яғни тригерлер рөлін атқарады. Фитобальзамның құрамына кіретін ББЗ тобының химиялық және фармакологиялық қатынасы ежелден бері өсімдік жинақтарының құрамына кіреді.

«Қызыл майдың» құрамында биобелсенді заттардың физиологиялық мөлшері бар, соның себебінен фармакологиялық әсердің тригерлік механизміне ие, ең алдымен, оның бұл қасиеті итмұрын және шырғанақ майынан біршама айрықшаланады.

Жоғарыда айтылғандарға негізделіп, «Қызыл май» ПФМ жараны жазушы, күйікке қарсы, қабынуға қарсы, репаративті, метаболикалық, антибактериалды және ауруды басатын зат ретінде клиникалық қолданылу аспектілері анықталды.

1991 жылдан бастап, препараттың құрам тұрақтылығына, сақтау кезінде микробиологиялық тазалыққа тұрақтылығына бірнеше рет тексерілді. ҚР тағамтану институтының зертханасында, Алматы фармфабрикасы мен «Фармация» КАнЛ п/о тексерілген талдау нәтижелері препарат құрамының тұрақтылығын, биобелсенділігін 2 жылдан көп уақытқа сақталуын және патогенді микрофлораның болмағандығын көрсетті.

Клиникаға дейінгі препаратты бағалау (профессор Р.Д. басшылығымен) Актөбе медициналық институтының фармакология кафедрасында және КазГИУВ ЦНИЛ (доцент Л.В. Кривдина) тексерілді. «Қызыл май» фитобальзамының улы, тітіркендіргіш, аллергиялық қасиеттері анықталмады.

1991 жылдан бастап ПФМ Қазақ туберкулез ғылыми-зерттеу институтында, ҚР ДСМ онкология және радиология институтында, Алматы қалалық кеңес-диагностикалық емханасының урология кафедрасында (доцент Ш.И. Искакбаев), терапия (В.А. Полосухина), дерматовенерология (доцент К.Х. Ахметова), акушерлік-гинекология  (доцент А.А. Гофман), балалар ЛОР аурулары (доцент Е.Р. Гончарова), сондай-ақ Бүкілодақтық онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында, жалпы көптеген басқа да ғылыми және тәжірибелік медициналық ұйымдарда  клиникалық апробациядан өтті. Барлық клиникалық бағыттар бойынша нәтижелер жеткілікті дәрежеде сенім ұялайтындай болды. Құрамының рецептурасы тіпті аз мөлшерде де 2-3 қабылдауға 1-5 мл өзінде жедел және созылмалы ауруларда жақсы тұрақты әсер етеді.

Репаративті, қабынуға қарсы, антибактериалды, вирусқа қарсы әсерлері бойынша «Қызыл май» шырғанақ майынан айтарлықтай күшті болды.

Акушерлік-гинекологиялық тәжірибеде полифиттік май қынап микрофлорасын қалпына келтіретін, санациялық және жара бетіне репаративті әсер көрсететіні анықталды.

Тыныс алу жүйесінің ауруларын (бронхит, трахеит) және асқазан-ішек жолдары ауруларын (гастрит, дуоденит, холецистит, колит, проктит, геморрой) емдеуде жақсы нәтижелер алынды.

Балалар ЛОР аурулары кафедрасында полифиттік майды майлы дәкеге малындырып, турунда түрінде, жағу арқылы 5-7 күн қолданылды. Ауруларының жедел ағымындағы барлық науқастардың емделу мерзімі қысқарғаны байқалды. Әсіресе балалардың және ересектер арасындағы жедел респираторлы вирустық инфекция кезінде полифиттік май алдын-алу және емдеу құралы ретінде өте тиімділігін көрсетті.  Күніне 3-5 рет 2-3 тамшыдан интраназальды тамызу ауруды толық тыйды, кей жағдайларда жеңіл түріне ауысуына көмектесті.

Пиелит, простатит, цистит, сондай-ақ хирургиялық араласулар кезінде препаратты қолдану тіпті іріңді асқынулары бар кездерде де өз тиімділігін айқын көрсетті (доцент Ш.И. Искакбаев). Науқастардың барлығында қабынудың төмендегені, ауру сезімінің азайғандығы емдеу мерзімін 5-6 тәулікке қысқартылғаны препараттың антибактериалды және жараны жазушы әсерінің біршама күшті екендігін білдіреді.

Препаратқа деген қызығушылық сәулелік емдеу кезінде де байқалды. КазНИОР базасында клиникалық радиология бөлімінде (бөлім меңгерушісі проф. С.С. Садыков), Мәскеу қаласындағы Жалпыодақтық онкологиялық орталықта да «Қызыл май» препаратын жұтқыншақ ісігі, өңеш ісігі, мұрын-жұтқыншақ ісігі, тіл, бадамша бездер ісігі, жатыр мойны ісігі, қынап ісігімен ауыратын әртүрлі ақаулары бар науқастардың сәулелік зақымдалуларын жою мақсатында және алдын-алу үшін қолданылды, науқастар саны 81 құрады. Полифиттік май ішке 1 шәй қасықтан күніне 2-3 рет тағайындалды. Бір уақытта күніне 2-3 рет шырышты қабаттың қолжетімді бөліктерін маймен сылады. Сынау нәтижесі шырғанақ майын қабылдаған науқастар тобымен салыстырылды. Эксперимент нәтижесінде айқын оң нәтижелер «Қызыл май» препараты жағында болды.

Полифиттік майды осы топ науқастарына тағайындау нәтижесінде сәулелік эпителииттердің дамуын болдырмай, пайда болған жағдайда оны 3-4 күн ішінде жоюға көмектесті. Бұл кезде науқастар ауру сезімінің, қышу, ашу және қабынудың біртіндеп және толық жойылғандығын айтты. Кейбір науқастар тіпті ПФМ 4 ай бойы қабылдаған, ешқандай жанама әсердің болмағандығын айтты.

Күйікте, қиын жазылатын жараларда, тері мен шырышты қабаттың инфекциялық сипаттағы жараларында полифиттік майды қолданудың жоғары тиімділігі, антибактериалды, репаративті, қабынуға қарсы құрал ретінде көрінді.

Алынған мәліметтер «Қызыл май» ПФМ әртүрлі клиникалық бағыттарда қолдану аясын кеңейтуге болатындығын дәлелдеді.

Сөзді қорытындылай келе, айта кететін жайт, клиникалық тәжірибенің ешбір жағдайында науқастар тарапынан теріс жақтарына шағым болмады, тіпті аллергиялық реакциялар да байқалмаған.

Осылайша, полифиттік майдың қолданғанда мүлде қауіпсіз,  жоғары тиімділіктегі және емдік перспективті препарат екендігін айтуға болады.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ