Ауыз қуысының отасынан кейін

«Қызыл май» полифиттік маймен ауыз қуысына ота жасалған науқастарды реабилитациялау.

Ж. Б. Инкарбеков, В. Е. Евлахов, Ж. А. Токпанова, Ж. Ш. Есимова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, хирургиялық стоматология кафедрасы (меңгеруші – проф. Д.С. Сагатбаев)

Әртүрлі патологиялардың себебінен ауыз қуысына хирургиялық араласулар жиі жасалады. Бұл отаны жасауға негізгі көрсеткіштер: қауіпсіз жаңадан түзілімдер, радикулярлы кисталар, тістің қиындатылып жарып шығуы мен ретенциясы, одонтогенді гаймориттер және т.б.

Хирургиялық отаның оң нәтижесі – бұл отадан кейінгі жараның жазылуы. Бірақ жара шеттерінің ажырауы, ары қарай оның іріңдеуі де жиі болып жатады. Осы асқынулардың алдын-алу мақсатында отадан кейінгі мерзімде ауыз қуысын жақсылап тазалағаннан кейін әртүрлі антисептикалық ерітінділер қолдану, тігісті калий перманганатының 0,01% ерітіндісімен өңдеу жасалады.

Отадан кейінгі жараның қысқа уақытта жазылуына жағдай жасау да маңызды. Бұл мақсатта қабынуға қарсы, антибактериалды қасиетке ие бірнеше емдік өсімдіктердің (шәйқурай гүлі, шырғанақ жемістері, итмұрын жемістері мен тамыры) майлы сығындыларынан тұратын «Қызыл май» деген атқа ие полифиттік май қолданылды.

Біздің бақылауда жасы 18-ден 65-ке дейінгі 40 науқас емделді; 19 ер адам, 21 әйел. Оларға келесідей оталар жасалған:

  1. Жоғары тіс түбірін резекциялау – 8;
  2. Цистоэктомия – 6;
  3. Жұмсақ тіндердің қауіпсіз жаңадан түзілімдерін алып тастау – 12;
  4. Гайморитомия – 5;
  5. Ақыл тісті атипті жұлу – 5;
  6. Ретинирленген тісті алып тастау – 4.

Хирургиялық ота жергілік анестезия 2% новокаин ерітіндісімен дәстүрлі әдіс бойынша жасалды. Отадан кейінгі жарасына байланысты науқастар 2 топқа бөлінді. Сыналатын топта 30 науқас болды, оларға жараларының жазылуына ПФМ қолданылды. Бақылау тобын ұқсас нозологиялық түрдегі 10 науқас құрады. Отадан кейінгі жараны күту үшін ауыз қуысын антисептикалық ерітінділермен шайып, тігіс орны калий перманганатының 0,01% ерітіндісімен өңделді.

ПФМ қолдану әдістемесі келесідей. Отадан кейін тігілген жара орнына ПФМ аппликацияланды, кейін күніне 2 рет, тамақ қабылдағаннан кейін және жарану жуғаннан кейін 4-5 күн бойы жағылып отырды.

Ем тиімділігі ретінде ауру сезімінің жойылуы, шырышты қабаттың ісінуінің азаюы, жараның жазылу мерзімі болды.

Отадан кейінгі мерзімдегі бақылау нәтижелерін салыстырмалы талдау ПФМ қолдану тиімділігі туралы ақпар береді. Сынама тобында отадан кейінгі аймақта ауру сезімі 2 сағаттан кейін жойылды, шырышты қабаттың ісінуі 3 тәулікте басылды. Жара тігісінің ажырауы болмады. Бақылау тобында ауру сезімі орташа 3 сағаттан артық уақыт бойы ұсталды, шырышты қабаттың ісінуі 4 тәулікте жойылды, екі жағдайда жара тігісінің ажырауы байқалды.

Мысал ретінде №754/302 ауру тарихынан бір жағдайды келтіреміз. М. науқас 25 жаста, клиникаға 13.03.1993 ж. түсті, 7 астыңғы жақтың радикулярлы киста диагнозымен, 7, 8 – 24.93 тістің қиындатылып жарып шығуы, цисэктомия отасы жасалып 7,8 алынып тасталды, жергілікті анестезия 2% новокаин ерітіндісі. Шеттеріне кетгут жібі салынған. Отадан кейінгі мерзімде жоғарыда аталған әдістеме бойынша 4 күн бойы ПФМ қолданылды, кейін стационардан шығарылып, амбулаторлық бақылауға алынды. 6-күні қарағанда отадан кейінгі жарасының жазылуы қиындықсыз болды. Бір айдан кейін қайта тексергенде сыналушы топта жұмсақ, аз білінетін тыртық қалған, ал салыстырмалы топтың науқастарында отадан кейінгі тыртық толықтай өзгешеленіп тұрды және кейде ауыратынын айтты.

Осылайша, жүргізілген зерттеу стоматология тәжірибесінде науқастарға отадан кейінгі мерзімде ПФМ «Қызыл майды» қолданғанның тиімділігін көрсетті. Бұл препарат ауыз қуысына жоспарлы хирургиялық отадан кейінгі мерзімде науқастарға реабилитация үшін қолданылуы мүмкін.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ