«Сыпырғы» салаты

Асқабақ 300 г, сәбіз піспеген 300 г, қызылша піспеген 300 г, 1 пияз, 2-3 ас қасық өсімдік майы, петрушка, тұз, бұрыш.

Көкөністерді үккіштен өткізіп, пиязды жарты сақина тәріздеп кеседі. Көкшөпті ұсақтап турап, өсімдік майымен жақсылап араластырады. Тұз, бұрыш қосады.