Балауыз

Ежелден танымал зат. Өнімді қолдану туралы алғашқы жазбалар тарихқа дейінгі мерзімде пайда болған. Авиценна балауызды жөтелге қарсы жұмсартқыш ретінде, қақарықты шығаратын зат ретінде пайдаланған. Киів Русь елі орта ғасырларда балауыз тасымалдаушы ел ретінде танымал болған.

Балауыз – қатты зат, өзнің кристалдық құрылымы бар, сынған бөлігінде біртекті, дән тәрізді. Жағымды бал тәріздес дәмге ие.

Балауыз А дәруменіне бай, ол тері жасушаларының жақсы өсуіне керек, сондықтан тері ауруларын емдеуде жағылма жасауда балауызға тең келері жоқ. Оның қабынуға қарсы, антисептикалық, жұмсартқыш қасиеті бар.