Бақшалық аскөк тұқымдары

Аскөк ежелгі кездерден бері белгілі. Аскөктің бас ауруын емдеуге қолданылатындығы туралы ақпараттар ежелге египет папирустарында кездеседі.

Өсімдіктің атауы – anethon және латындық graveolens — қатты иісі бар аскөктің латындалған грек атауынан шыққан.

Сельдерей (Apiaceae) тұқымдас біржылдық шөптекті өсімдік, биіктігі 40–150 см. Гүлдері ұсақ, қос жынысты, бес мүшелі, күрделі 20-50-шатыршагүлді; төбесі ішке майысқан сары жапырақтарымен. Маусым-тамыз айларында гүлдейді. Тұқымы – екі жарты тұқымдыққа ажырайтын құрғақ ценокарптік жеміс.

Аскөкті пайдалану асқорытуды жақсартады, жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек пен өкпенің қызметін жақсартады. Сонымен қатар, аскөк май басқанда, сусамыр, тұздың жиналуына қарсы пайдалануға ұсынылады.