Бентонит

Адамзат қызметінің әртүрлі салаларында қолданыс тапқан қазба материалдардың бірі. Бентонит сазы Америкада Бентон қамалында табылған, атауы да соған байланысты.

Бентонит – тонтмориллонит тобының сазды минералдарынан тұратын тұнбалы табиғат жаратылысы, оның құрамында сонымен бірге, гидрослюд, каолинит, сепиолит, пальгорскит және басқалар бар. Бентонит құрам дисперстілігімен, пластикалылығымен, катиондық алмасуға түсу қабілетімен, жұту қабілетімен ерекшеленеді.