Тасшөп

Тасшөп – абыздар фимиамы. Қасиетті жебіршөп, тасшөп – осылардың барлығы бірнеше мыңжылдықтан бері танымал бір өсімдік атаулары. Ежелгі уақытта адамдар бұл өсімдікті асханалық дәмқоспа ретінде ғана емес, сондай-ақ мистикалық мәнге ие қуатты дәрі санаған.

Тасшөп – Lamiaceae шырмауықтар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Ароматты исі бар, сабақтары қызыл-күңгірт, бұтақталған, ағаштанған, кейбір жерлері қысқарған, көп санды жапырақталған жұқа қысқа бұтақшалары бар. Жапырақтары майда, супротивті, жұмыстқа тәрізді, сызықты, асты жағынан жасыл-сұр, жоғары жағынан қою-жасыл түсті. Гүлдері де майда, қарапайым алқызыл, қызыл-күлгін.

Тасшөп құрамы – тимол құрайтын эфир майынан тұрады. Сондай-ақ флавоноидтар, үштерпендер, тимунды (0,05%), урсол, олеонол, кофеин, хлороген, хин қышқылдары, ащылар, шайырлар, илік заттар, сапониндер, минералды тұздарға ие.

Тасшөп түйілуді басатын, дезинфекциялаушы, антисептикалық, қақырықты шығаратын қасиетке ие. Ұйқысыздық немесе невроз кездерінде, жүрек-қантамыр жүйелері мен жүйке жүйесінің ауруларында тыныштандырғыш ретінде қолданылады, өкпе және бронх ауруларында пайдалы.