Шүйгіншөп

Шүйгіншөптің Ежелгі Грецияда ақылды басқаратын, миды тыныштандыратын және бекітетін қабілеті бар. Шүйгіншөп Valerianaceae тұқымдасына жататын, биіктігі 1,5 метрге дейін жететін шөптесін өсімдік.Тамыры қысқа, іші қуыс, тік өседі, қосымша көптеген ұсақ тамырлары да бар.Сабағы тік, сырты сай-сай, іші қуыс.Тамырынан тікелей өсіп шығатын жапырақтарының сабақтары ұзын, сабақтың төменгі жағындағы жапырақтарының сағақтары қысқалау, жоғары жағындағылары отырмалы болады. Жапырақтары құстың қауырсыны тәрізді, қарама-қарсы орналасқан, шеттері ара тісті.

Гүлдері майда, ашық қызыл түсті, хош иісті, өсімдіктің ең жоғарғы жағында шоғырланып тұрады. Гүл тәжі бес гүл жапырақшаларынан, ал гүл тостағаншасы бес имек қалақшалардан тұрады. Тұқымы – бір шетінде шашағы бар, кішкене ғана сопақша жеміс. Тамыры мен тамырсабағының өзіне тән исі бар. Биіктігі 60-150 см.
Тамыры мен тамырсабағында шүйгіншөп майы, алкалоидтар, сапониндер, қант, илік заттар, алма, құмырсқа, валерин, сірке, стеарин, пальмитин және басқа да органикалық қышқылдар, гликозидтер (валерид, валерозид, А, В, С) және ұшқыш заттар бар.

Шүйгіншөп тамыры тырысуға қарсы, түйілуге қарсы әсерге ие. Рефлекторлық қозуды және бұлшықеттердің тырысуын басып, жүйке қозуында тыныштандырғыш зат ретінде қолданылады. Неврозда, жүрек-қантамыр жүйесінің ауруларында, жүрек түйілуінде, асқазан мен ішек спазмында, ұйқысыздықта, бас сақинасында пайдалы.