Қайың бүршіктері

Адамдар ерте кезден бастап қайыңның емдік қасиетін бағалаған болатын. Өмір көрсеткендей, бұл ағаштың барлық бөліктерінің емдік қасиеттері бар, бүршіктерінен бастап жапырақтарына дейін, сонымен қатар қабығы мен осы ағаштың шырыны да емдік қасиетке ие болып келеді.Қайыңның бүршіктерінде РР дәрумені, флавоноидтер және сапониндер болады, олар заттектің алмасуын қалпына келтіреді.

Флавоноидтер қабынуға қарсы, ал сапониндер – несеп айдағыш ретінде әсер етеді. Бұл несеп шығаратын жолдардың ауруына шалдыққан адамдар үшін өте пайдалы. Көптеген адамдарда отыратын өмір қалпынан және майлы тағамдардан өт өзегінде тастар пайда болады. Қайың бүршіктерінде болатын сапонин, өте бағалы көмек көрсетеді.

Қайың бүршіктері – несеп айдағыш, өт айдағыш, тер шығаратын, ауруды басатын, инфекцияны болдырмайтын, жараны жазылтатын, құртты шығаратын қасиеттері бар, қабынуды басады, мықты антибактериалдық әсері бар, ішек-сүзек микробтарын өлтіреді.