Қарапайым үрме бұршақ

Үрме бұршақтың отаны – Оңтүстік Америка, сол жақтан басқа елдерге көшкен. Ресейде үрме бұршақ XVII ғасырларда пайда болды.

Қарапайым үрме бұршақ (лат. Phaseolus vulgaris) – Бұршақ тұқымдас шөптекті өсімдік. Тік немесе шырмалған сабақтарға ие. Үрме бұршақтың шикізаты ретінде оның жармалары саналады. Дайындауды тұқымдары піскеннен кейін бастайды (тамыз-қыркүйек).

Үрме бұршақ жармалары фазеолинге, лецитинге, флавоноидқа және басқа да пайдалы заттарға бай. Қарапайым үрме бұршақ емдік қасиеттерге ие. Қарапайым үрме бұршақ күкіртке бай, бұл оны ішек инфекциясын емдеуде теңдесіз қылады. Үрме бұршақ міндетті түрде қант сусамырымен ауыратын адамдардың мәзірінде болуы керек, қарапайым үрме бұршақта болатын аргининнің арқасында қандағы қанттың құрамы азаяды