Өгейшөп

Өгейшөп ежелден келе жатқан өсімдік. Латынша атауы tussilago «жөтел» және «қуу» дегенді білдіреді. Русь елінде өсімдік бұл атауға жапырақтарының құрылысына байланысты алған, яғни жапырақтарының төменгі бөлігі жұмсақ және ысытады, ал жоғарғы бөлігі – сипақ, суытады, сол себептен өгей шөп деп аталып кеткен.

Өгейшөп күрделігүлділер – Compositae, немесе астралар — Asteraceae тұқымдасына жататын көпжылдық тамырсабақты өсімдік, кәрзеңкеге жинақталған майда сары тілшелі гүлдері бар, Жапырақтары ірі, жүрек тәрізді, ойықты-тісті, жоғары жағынан жасыл, сипақ, төменгі жағынан түкті. Жапырақтары гүлдегеннен кейін ғана пайда болады. Биіктігі 5-25 см.

Өсімдіктің жапырақтарында ащы глюкозид туссилягин және басқа да глюкозидтер, ситостерин, сапонин, гал, алма және шарап қышқылдары, полисахаридтер инулин және декстрин, шырышты және илік заттар, каротиноидтер, С дәрумені, эфир майы бар. Гүлді кәрзеңкеде фарадиол, арнидиол, тараксантин, стигмастерин, фитостерин, илік және бояғыш заттар, эфир майы.

Өгейшөп қақырықты шығаратын, жұмсартатын, микробқа қарсы, тер шығаратын, жараны жазушы, өт айдайтын, түйілуді басатын әсерге ие. Өсімдігі жоғары тыныс жолдарының ауруларында, қабынуға қарсы, дезинфекциялаушы, қақырықты шығаратын әсеріне байланысты қолданылады. Сыртқа – тері ауруларында және шашты нығайту мақсатында пайдаланған.