ҚАЗ

Мия майы, майлы сығынды

масло солодки
  • 100% табиғи өнім
  • Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Клиникалық дәлелденген тиімділігі
  • Қазақстанда жасалған

Мия майы, майлы сығынды – Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат

Мия тамырының құрамына мынадай биологиялық белсенді заттар кіреді: глицирризин, глицирризин қышқылы, ликвиритин, изоликвиритин, ликвиритозид сияқты флавоноидтар, көмірсулар, органикалық қышқылдар, стероидтар, таниндер, эфир майлары, кумариндер.

Қурамы

* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.

Босатылу түрі

50 мл  /  100 мл

Мия майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, иммунитетті көтермелейтін, жараларды емдеу, антиоксиданттық әсері.

Осының арқасында Мия майы кешенді терапия құрамында пайдалануға болады:

Бронх-өкпе жүйесінің қабыну аурулары кезінде

Бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде.

Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде

Гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында.

Проктологиялық аурулар кезінде

Тік ішектің қабынуы, геморройда.

Тері аурулары кезінде

Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда.

Тірек-қимыл аппараты аурулары кезінде

Ревматизм, артриттерде.

Иммундық қорғаудың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеу кезінде

Жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылады.

Мия майы нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

  • бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде,
  • гастриттерде, асқазан және 12 елі ішектің ойық жара ауруында,
  • тік ішектің қабынуы, геморройда,
  • дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда,
  • ревматизм, артриттерде,
  • иммунитет төмендегенде.

Қолдану тәсілі және дозалары

3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға ішке – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер және ересектер – ас ішерден 15-20 минут бұрын 1 шай қасықтан күніне 4 рет. Емдеу курсы 10-14 күн.

Геморройда, сызаттарда және тік ішек қабынуларында микроклизма түрінде 10 мл-ден күніне 1 рет енгізеді (ішекті алдын ала тазалап алғаннан кейін), курс 10-20 емшарадан тұрады.

Дерматиттерде, дерматоздарда, экземада, жараларда зақымдалған жерлерге күніне 2-3 рет жағу керек. Емдеу курсы 10-14 күн.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған.

Айрықша нұсқаулары

Жүктілік және лактация кезеңі:

  • Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:

  • Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қолданар алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Қайдан сатып алуға болады

Сіздің қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) Фитолеум Мия майын сұраңыз!

Біз дәрі жеткізбейміз.

Интернет-дәріханалар тізімі:

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 28 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.