Қалақай майы майлы сығынды

Қабынуға қарсы, қақырық түсіретін, анемияға қарсы, қан тоқтататын, иммуномодуляциялаушы, антиоксиданттық әсерлері.

Қалақай майы майлы сығынды – өсімдік текті оригиналды дәрілік зат. Қалақай жапырағының құрамына кіретін биологиялық белсенді заттар кешені (С дәрумені, каротиноидтар, К1, В1, В2, РР дәрумендері, пантотен қышқылы, макро- және микроэлементтер, гликозид – уртицин, илік заттар және құмырсқа қышқылы) қабынуға қарсы, қақырықты шығаратын, қаназдыққа қарсы, қан тоқтататын, иммуномодулирлеуші, антиоксиданттық әсерлер көрсетеді.

Босатылау түрі:

  • 50 мл
  • 100 мл

Қурамы



Қалақай майы майлы сығынды нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

  • бронхиттерде, пневмонияда, бронх демікпесінде, өкпе туберкулезінде
  • темір тапшылығы бар анемияның алдын алуда және емдеуде, босанудан кейінгі қан кетулерде, етеккірдің көп келуі
  • секреторлы функциясы төмендеген гастриттерде
  • иммунитет төмендегенде
  • шашты нығайту және өсуін күшейту, қайызғақ түзілуін азайту үшін

Қолдану тәсілі және дозалары

Бронх өкпе жүйесінің қабыну ауруларында ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 3 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 3 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 10-14 күн.

Темір тапшылықты анемияда: ас ішерден 15-20 минут бұрын 3 жастан бастап 7 жасқа дейінгі балаларға – ½ шай қасықтан күніне 4 рет; 7 жастан үлкендер мен ересектерге – 1 шай қасықтан күніне 4 рет қабылдау керек. Емдеу курсы 20-30 күн.

Босанудан кейінгі кезеңде қан кетуде, етеккір көп келгенде күніне 4 рет 1 шай қасықтан тамаққа дейін, 10-20 күн.

Шаштың өсуін нығайту үшін шашты жуардан 2-3 сағат бұрын бастың шашты бөлігіндегі теріге ысқылап жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • препарат компоненттеріне жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулары

Жүктілік және лактация кезеңі:

Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препараттың автокөлікті немесе қауіпті механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:

  • Әсер етпейді.

Артық дозаланауы

Анықталмаған

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Қолданар алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Біздің мекен-жаймыз:
Қазахстан Республиқасы
050037, Алматы қ.
Сейфуллин даң-лы 163а
Хабарлар
  • Құрметті сатып алушылар! Сіздерді 2016 жылы «Қызыл май» полифитті майының қаптамасының өзгерілгені туралы хабарлаймыз.
    Толығырақ
  • «ФитОлеум» ЖШС-нан «Жеңіс» акциясы! Ұлы Отан Соғысының ардагерлеріне «Шукір май», «Қызыл май» полифитті майларын және «Витаминка » фито -шайын сыйлыққа  береміз.
    Толығырақ
  • Отандық өндірушілердін бастапқыларының бірі «ФитОлеум» ЖШС  «Қызыл май» полифитті май – бірқилы дәрілік затқа мерзімсіз тіркеу куәлігін алды
    Толығырақ
  • 2016 жылдың 16 ақпанында Асфендияров атындағы КазҰМУ, Люблин медицина университетімен (Польша) және «ФитОлеум» ЖШСмен бірлесіп  Қазақстанның эндемиялық дәрілік өсімдігінің флорасы бойынша ғылыми зерттеу бастады.
    Толығырақ
  • 2015 жылдың – HASSP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі». Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
    Толығырақ