Кез-келген теріге арналған жүзім скрабы
Жүзім сүйектерін кептіріп, ұн тәрізді ұнтақтап, 1 шәй қасық ұсақталған сүйектерін 1 ас қасық тәтті жүзім жұмсағын қосып араластырады, шәй қасық «Денсаулық» балын және банан жұмсағын қосады, ½ шәй қасық қаймақ қосады.
Өсімдікті скраб
Өсімдік скрабы теріні тазартып, қабынуды басады. Сұлу хлопьясын ұсақтап, 2 шәй қасық сұлы хлопьясын 1 шәй қасық түймедақ гүлімен араластырады, 6 тамшы лаванда эфир майы, су қосып, қою паста тәрізді масса. Бұл скрабты ылғал шашқа жағып, уқалап, жуып тастайды.
Құрғақ теріге арналған ылғалдандырғыш және тазартқыш скраб
Ұсақталған сұлы хлопьясын жылытылған ошаған майы, қалақай майы, «Қызыл май» полифитті май ботқа тәрізді күйге келгенше араластырады. Осындай скрабпен 2-3 минут уқалап, жылы сумен жуады.
Құрғақ теріге арналған кофелік таңдау
2 шәй қасық ұсақталған кофеден, «Денсаулық» балы мен тростникті қант пен 50 мл миндаль майын қосып дайындайды. Өте сақтықты қолданып дайындау керек, себебі құрғақ теріні жарақаттап алуы мүмкін.
Фито-шәйден, қант пен балдан дайындалған фито-шәй
«Түймедақ» немесе «Қалақай» фито-шәйін ащы етіп дайындап, 1 немесе 2 шәй қасық демделген фито-шәйді араластырғышқа салып, шәйді тындырып қояды. Шәйге 1 шәй қасық қант қосып, қоспа дән тәріздес болғанша қант қосуын жалғастырады. Оны бетке оңай жағуға болатындай күйге келуі керек. Жасылап араластырады. Скрабты тағы да қолдану үшін қақпағы бар ыдысқа салған дұрыс. Құрғақ, салқын жерде сақтау керек. Осындай скрабты бірнеше апта сақтауға болады. Скрабты жуылған беттің құрғақ жерлеріне жағу керек. Бетті салқын сумен шаю керек.
Күріштен жасалған қатпарды кетіруге арналған скраб
Күріштен біршама алып ұсақтау керек, «Денсаулық» балын қосып, паста тәрізді қою масса алғанша араластыру керек. Лимонды жартыдан бөліп, жартысын күрішті қоспасына салу керек. Бетті жарты лимонмен сүртіп, күрішті қоспаны бетке жағу керек. Жуып, апта сайын қайталауға болады.
Балдан дайындалған ылғалдандырғыш скраб
1 шәй қасық майсыз сүт алып (беттің майлы терісіне), 1 шәй қасық 2% сүт (қалыпты немесе комбинирленген бет терісіне), 1 шәй қасық майлы сүт (құрғақ бет терісіне), 1 шәй қасық «Денсаулық» балы), 1 шәй қасық ұсақталған миндаль. Барлық компоненттерді бетке уқалап отырып жағу керек. 2-3 минут жағып, сумен жуып тастау керек.
Балдан және қанттан дайындалған скраб
Дайындау үшін 1 шәй қасық «Денсаулық» балын алып, жарты шәй қасық қант қосып, араластырып, ылғалдандырылған бет терісіне 2-3 минутқа жағады. Жылы сумен жуу керек.
Шоңайна майынан/қалақай, бал және қанттар дайындалған скраб
Дайындау үшін 2 шәй қасық «Денсаулық» балын алып, 1 шәй қасық қант, ½ ошаған майы/қалақай майларын алады. Барлық ингредиенттерді араластырып, ылғалданған бетке жағады, дөңгелек жасап уқалаййды, 2-3 минуттан соң жылы сумен шайып тастайды.
Бал мен теңіз суынан дайындалған терең тазалауға арналған скраб
Дайындау үшін 2 ас қасық тұз, 1 ас қасық ошаған майы/қалақай майы, 1 ас қасық «Денсаулық» балы, барлығын аралстырып, ылғалданған бетке жағады. 3-4 минут ұстап, жылы сумен жуады.
Жылтырайтын бетке арналған скраб
Дайындау үшін 1 ас қасық «Денсаулық» балын, ½ шәй қасық лимон шырыны керек. Ингредиенттерді араластырып, ылғалданған теріге жағып 5 минут бойы ұстайды. Салқын сумен жуады.
Майлы бет терісіне арналған тазартқыш скраб
Дайындау үшін ½ ас қасық «Денсаулық» балын алып жылытып, ½ ас қасық ақ балшық пен ұсақталған күріш қосады. Ыстық су құйып, ботқа тәріздіес масса алады. Скрабты уқалау арқылы бетке жағып, 3-5 минутқа қалдырады. Салқын сумен жуады.
Қара нүктелері мен акнесі бар біркелкі емес теріге арналған скраб
½ ас қасық «Денсаулық» балын 1 шәй қасық лимон шырынымен араластырып, 1 шәй қасық бидай ұнын қосады. Скрабты уқалап бетке 1 минут бойы жағады. Салқын сумен жуады.
Комбинирленген теріге арналған балды скраб
½ ас қасық «Денсаулық» балын 1 ас қасық құрғақ сүтпен, ½ теңіз тұзымен, ½ ас қасық жасыл, көк және ақ балшықпен араластырып қосады. 2 тамшы жожоба майын да қосуға болады. Ботқа тәрізді масса алғанша су қосу керек. Алынған қоспаны ылғалды бетке уқалау арқылы 1 минут бойы жағады. Жылы сумен жуады.
Ылғалдандырғыш скраб
Дайындау үшін 3 ас қасық қант, 1 ас қасық қалақай/түймедақ, 2/3 миндаль майы (тітіркенген теріге), немесе итмұрын майы (құрғағыш теріге), 1 шәй қасық «Денсаулық» балы (мед здоровье) керек. Қалақай( чай крапива)/түймедақ(чай ромашка) фито-шәйіне 1/3 стақан қайнаған су қйып, 3 минутқа тұндырады. Кішігірім ыдысқа 1 ас қасық қант салып, 1 ас қасық фито-шәй құяды, бал мен май қосып араластырады. Егер консистенциясы қою болса, онда аздап жылы су құюға болады. Алынған массаны ылғалды бетке уқалау арқылы жағады. Салқын сумен жуады.
Біркелкі емес теріге арналған ағартқыш әсері бар скраб
1 шәй қасық «Түймедақ» фито-шәйін, 2 ас қасық қант, 1 шәй қасық «Денсаулық» балы, ваниль эфир майы керек. Фито-шәйді демдеп, тұндыруға қалдырады. Қантқа 2 ас қасық фито-шәй құйып, араластырады. Бал қосып, ваниль эфир майының бірнеше тамшысын қосу керек. Араластырып бетке жағады. Салқын сумен жуады.
Тазартқыш скраб
Дайындау үшін «Түймедақ» фито-шәйінің 1 пакетигін алады, 2 ас қасық ұсақталған сұлы хлопьясын, ½ ас қасық теңіз суын, 1 ас қасық қант, 1 ас қасық «Денсаулық» балы және ½ ас қасық ваниль қосады. Ыдысқа барлық ингредиенттерді салып араластырады, үстіне шәйді құя отырып, қою паста тәрізді күйге келгенше араластырады. Скрабты бетке уқалау арқылы 2-3 минут бойы жағады. Жылы сумен жуады.
Қабынуға бейім, сезімтал теріге арналған скраб
Дайындау үшін 1 шәй пакетик «Түймедақ» фито-шәйін алады, 2 шәй қасық синдаль ұнтағын, ½ шәй қасық теңіз суын, 1 шәй қасық миндаль майын алады. Барлық ингредиенттерді араластырып, 2-3 минутқа бетте ұстайды. Жылы сумен жуады.
Пилинг әсерлі тыныштандырғыш скраб
1 шәй қасық «Қалақай» фито-шәйін йогуртпен қою паста тәріздес масса алғанша араластырады. Скрабты уақалау арқылы бетке бірнеше минутқа жағады. Жылы сумен жуады.
Ылғалдандырғыш, жасартқыш скраб
Дайындау үшін «Түймедақ» фито-шәйі, 4 ас қасық қант, 1 ас қасық «Денсаулық» балы, 1 ас қасық зәйтүн майы, 2 капсула Е дәрумені керек. 1 шәй пакетигін демдеп, фито-шәйдің шәй қасығын барлық ингредиенттермен араластырады. Жақсылап араластырып, уақалау арқылы бетке 1-2 минутқа жағады. Бетті жылы сумен шайып, демделген фито-шәймен жуады.
Тазартқыш скраб
Дайындау үшін 2 ас қасық тірі дәрумендері бар «Денсаулық» балы, 1 ас қасық нан содасы керек. Скрабты уақалау арқылы ылғалданған бетке жағады. Жылы сумен жуып тастайды. Бұл скраб беттің өлген терісін алып тастап, бетке өң береді.
Тыртықтар мен созылуларды қалпына келтіру үшін
Дайындау үшін 1 шәй қасық жолжелкенмен бірге «Денсаулық» балын ақауы бар бетке уақалау арқылы 1-2 минут жағады. Жылы сүлгімен жауып, суығанша қалдырады. Күн сайын қаййталаған жөн.
Бал терінің регенерациясына көмектеседі, қызыл тыртықтарды ағартады, қабынуға қарсы, антибактериалды әсер көрсетеді, тыртықтар мен жара орындарының жазылуына әкеледі.
Бет безеулерін емдеуге арналған
Прополисі бар «Денсаулық» балын ақауы бар жерлерге нүктелеп жағып, 15-20 минутқа қалдырады. Жылы сумен жуады. Осы тәсілді акнеге қарсы құралдарды қолданғаннан терінің тітіркенгенін басу үшін де қолданса болады.