
Халықаралық көрмелер

2001
2001 жылдың 15-нен 18-ші мамыр аралығы. ЖШС «ФитОлеум» компаниясы ҚазММУ (С.Ж. Асфендияров ат.ҚазҰМУ) дәрілік қалыптар технологиясы курсымен бірге денсаулықсақтау бойынша «KIHE 2001» 8-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне және фармацевтикалық рецептісіз босатылатын заттар көрмесіне «Drugstore» қатысты.
Көрмеге Авсрияның, Болгарияның, Үндістанның және басқа да қалалардың 70-ке жуық компаниялары қатысты.


2002
2002 жылдың 14-17 мамыр аралығы. «ФитОлеум» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен денсаулық сақтау бойынша «KIHE 2002» 9-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.
2002 жылды ҚР Президенті денсаулық жылы деп атады.

2003
2003 жылдың 14-17 мамыр аралығы. «ФитОлеум» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен денсаулық сақтау бойынша «KIHE 2003» 10-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеге әлемнің 16 елінен 300-ден аса компания қатысты.
Алдыңғы жылдар сияқты компания стендіне жжәй келушілермен қатар, мамандардың да қызығушылықтары басым болды.
KIHE – Орталық Азиядағы ірі денсаулық сақтау бойынша Қазақстандық халықаралық көрмесі.


2004
2004 жылдың 12-15 мамыр аралығы. «ФитОлеум» компаниясы ҚР Денсаулық сақтау Министрлігінің қолдауымен денсаулық сақтау бойынша «KIHE 2004» 11-ші Қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты. Көрмеге әлемнің 20 елінен 120-ден аса компаниясы қатысты: Азербайжан, Беларусь, Ұлыбритания, Германия және т.б.

2015 Астана
2015 жылдың 25 қыркүйегінде денсаулық сақтау бойынша AstanaZdorovie 2015 12-ші Қазақстанның халықаралық көрмесінің оффициалды ашылу салтанаты официалды тұлғалардың және медициналық қоғамның қатысуымен өтті.
«Қызыл май» саудалық маркалы «ФитОлеум» ЖШС өзінің жақын арада дәріханаларға түсетін жаңа оригиналды дәрілік препараттарын көрсетті. Бұл 100% табиғи фитоөнім: мия майы, қалақай майы, киіз шоңайна майы, полифиттік «Шукур май» майы.
Инновациялық технология, дәрілік препараттарды алуға деген жаңа бастамалар, классикалық технологиялар мен жаңа тенденцияларды үйлестіру, компанияның ғылыми потенциалы және С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ, ҰФАУ (Украина), Тrinity college (Ирландия) жетекші ғалымдарымен серіктесу дәрілік заттардың фармацевтикалық алуларының ғылыми бастамасына, сапалы, тиімді және қауіпсіз препараттардың шығарылуына кепіл береді.



2015 Караганда
10 сәуірде 2015 жылы, «ФитОлеум» компаниясы отандық фармацевтикалық компаниялардың өнімдерінің көрмесіне қатысты. Қарағанды қаласындағы «Фитохимия» халықаралық өндірістік холдингінің 20 жылдығына арналған «Фитохимияның жетістіктері мен даму перспективалары» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларымен ойластырылған.


2025
Fitoleum Халықаралық – KIHE 2025 көрмесінде!
Бұл оқиға біз үшін нағыз мерекеге айналды, өйткені ол біздің өнімдеріміздің бай сұрыпталымын және фитотерапия мен косметология саласындағы инновациялық әзірлемелерді көрсетуге мүмкіндік берді.
Барлық көрме күндері біз қатысушылар мен қонақтарға денсаулық, сұлулық пен үйлесімділік сыйлайтын Fitoleum табиғи құралдарымен қуана таныстырып келдік. Біз фитотерапия дәстүрі мен қазіргі заманғы ғылыми жетістіктерді жақсы бейнелейтін өзіміздің жаңа әзірлемелерімізді мақтанышпен ұсындық.
Әсіресе, біздің сала сарапшыларымен қарым-қатынасымыз ерекше құнды болды. Біз тәжірибе алмасып, ұсынымдар мен кері байланыс алдық, бұл өз өнімімізді одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.
Біз табиғат энергиясына толы жарқын стендке келген қонақтарды шын жүректен көргенімізге қуаныштымыз. Қонақтарымыздың, тұрақты сатып алушыларымыздың қызығушылығы мен олардың жағымды эмоциялары – біз үшін ең жақсы марапатымыз және одан әрі қарай даму үшін ынталандыру болды.
KIHE 2025 көрмесі кезекті рет бізге одан әрі даму мен жетілдіру үшін жағымды эмоциялар, жаңа таныстықтар және идеялар сыйлады.

