ҚАЗ

Фитолеум Қызыл май, полифитті май

Қызыл май
Қызыл май
Жаңа нұсқа
Ескі нұсқа
  • 7 дәрілік өсімдік
  • 100% табиғи өнім
  • Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Клиникалық дәлелденген тиімділік
  • Қазақстанда жасалған
* өнім голограммамен
«Авторлар ұсынған түпнұсқа»
голограммасымен қорғалған

Қызыл майФитолеум компаниясы ұсынған өсімдік тектес дәрілік зат, полифит майы.

Алтай староверлерінің рецептурасы және дәрілік өсімдіктердің 7 түрінен жасалған түпнұсқалы технология бойынша дайындалған 100% табиғи сығынды.

Қазақстандық фармацевтикалық өндірістің алғашқы өнімі ағайынды Владимир мен Евгений Перепелица тарапынан әзірленді. Қызыл майдың алғашқы өнеркәсіптік шығарылымы 1992 жылдың басында Алматы фармацевтикалық фабрикасында жүзеге асырылған.

Ары қарай оқу

Қурамы

* өсімдіктер, Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында фармакологиялық белсенді заттар барынша көп жинақталған кезде жиналады.

Шығару түрі

30 мл  /  50 мл  /  100 мл

Фитолеум Қызыл май өндірудің түпнұсқалы технологиясы, өсімдіктерден биологиялық белсенді құрауыштарды алып шығарып, сақтауға және де: қабынуға қарсы, бактерияға қарсы, жараны жазатын, регенерациялайтын, жалпы сергітетін әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Осының арқасында, Фитолеум Қызылмай полифит майы кешенді терапия құрамында қолданылуы мүмкін:

Тыныс алу жолдарының ауруларында

Ринит, тонзиллит, ларингит, трахеит, бронхит, пневмония.

АІЖ ауруларында

Гастрит, асқазанның және он екі елі ішектің ойық жарасы, колит, энтероколит.

Проктологиялық, гинекологиялық және урологиялық ауруларда

Проктит, геморрой, жатыр мойнының эрозиясы, кольпит, цервицит, цистит, простатит.

Терінің және шырышты қабықтың күйіктерін емдеуде

Термиялық, химиялық және сәуледен кейінгі күйіктер

Тері аурулары кезінде

Терінің ойылуы, дерматиттер, дерматоздар, баяу жазылатын жаралар мен ойық жаралар, соның ішінде жұқпалы.

Иммундық қорғаныстың төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдеу кезінде

Жалпы күшейтетін дәруменді зат ретінде ұсынылады.

Препарат косметикалық тәжірибеде қолданылуы мүмкін

* құлақ пен көзді емдеуде қолдануға болмайды

Пікірлер

20 жыл бұрын сіздің өнімдеріңіз арқасында гастриттен емделіп шықтым. Сол кезден бері асқазаным ауырмайды десе де болады. Керемет өнім!
– Ксения Б.

Сұмдық апаттан кейін менің ағамның беті қатты жараланды, жыртық жара қалып қойды. Дәрігерлер қарсы болғанына қарамастан, мен еш ойланбастан, күніне 3 құтыдан тамшылап тұрдым. Тері қалпына келтірілді, шорлар мен тыртықтар онша көрінбейтін болды. Содан бері бұл майға ғажайып құрал ретінде сенемін.
– Жанна

Қызыл май суық тигеннен кейін созылған тұмауды өте жақсы емдейді! Өзім тексердім! Ең бастысы, мұның алдында мұрынды тазалап алыңыз, содан кейін май құйып, 5 минут жата тұрыңыз.
– Ольга Г.

Көбірек пікір оқу

Сіздің пікіріңіз -
біз үшін ең жақсы алғыс және одан әрі дамуға талпынысу

Біздің әлеуметтік желілерімізде өз пікірлеріңізді, сұрақтарыңызды және тілектеріңізді жазыңыз:

@fitoleum

Фитолеум Қызыл май нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында:

  • ринитте, тонзиллитте, ларингитте, трахеитте, бронхитте, пневмонияда,
  • гастритте, асқазан мен он екі елі ішек ойық жара аурларында, колитте,
  • энтероколитте, проктитте, геморройда,
  • жатыр мойыны эрозиясында, кольпитте, цервитте, циститте, простатитте
  • термиялық, химиялық және сәулеленуден кейінгі күйіктерде,
  • тесілулерде, дерматиттерде, дерматоздарда, баяу жазылатын, оның ішінде жұқпалы жаралар мен ойық жараларда.

Қолдану тәсілі және дозалары

Тыныс алу жолдары аурулары кезінде:

  • Мұрын жолдарының шырышты қабықтарына күніне 1-3 рет жағу түрінде. Емдеу курсы – 2-6 апта.
  • Ішке тамақтанардан 20-30 минут бұрын ересектерге 1 шай қасықтан, балаларға 3 жастан бастап 1/2 шай қасықтан күніне 2-3 рет. Емдеу курсы – 2-6 апта.

Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде:

  • 1/2 шай қасықтан күніне 4-6 рет тамақтанардан 1 сағат бұрын қышқыл сүт өнімдері, кисель немесе балмен ішу керек. Емдеу курсы 4-8 апта.
  • Простатитте, проктитте, геморройда препаратты клизма түрінде (ішекті алдын ала тазалаған соң) күніне 10-15 мл-ден 1 рет енгізеді, емдеу курсы 20-25 емшара. Сыртқа – анус сызаттары, геморрой кезінде күніне 2-3 рет жағу керек.

Тері және шырышты қабықтың күйіктері, тесілулері, сәулемен зақымданулары кезінде:

  • Өңезден тазаланған беткейге майды жағып, күн сайын ауыстырып тұратын дәке таңғышты салады.

Көмей, өңеш, асқазан обырын сәулемен емдеуде:

  • Тамақтанған соң 1/2 шай қасықтан күніне 6-8 рет сәулемен емдеудің бүкіл курсы бойы және одан әрі тағы 2-3 апта.

Гинекологиялық аурулар кезінде:

  • бүркіп-сулау түрінде, майға малынған тампондарды қынапқа енгізеді, емдеу курсы 20-30 емшара.

Біздің басқа өніміміз – Фитолеум Қызылмай суппозиторийлеріне назар аударыңыз. Бұл, Қызыл майды қамтитын тығындәрі түріндегі аса ыңғайлы нұсқа.

Арнайы ескертулер

Препаратты косметикалық тәжірибеде пайдалануға болады. Препарат иммунитет қорғанысы төмендеуімен қатар жүретін ауруларды емдегенде жалпы нығайтатын витаминді зат ретінде ұсынылуы мүмкін.

Педиатрияда қолдану

  • Фитолеум Қызыл майды балалар тәжірбиесінде 3 жастан бастап ұсынылғаннан аспайтын дозада тағайындайды.

Жүктілік және лактация кезеңі

  • Жүкті əйелдерде жəне бала емізу кезеңінде Қызыл май, полифитті майын қолдану туралы деректер жеткіліксіз. Алдын алу шарасы ретінде Қызыл май майын жүктілік кезінде жəне бала емізу кезінде қолдануға болмайды.

Біздің басқа өніміміз – Фитолеум Қызылмай суппозиторийлеріне назар аударыңыз. Гинекологиялық, проктологиялық және урологиялық ауруларға қатысты жағдайда, оларды нұсқаулыққа сәйкес жүктілік және лактация кезеңінде кешенді терапияда қолдануға болады.

Жағымсыз әсерлері

Жағымсыз əсерлер жүйелік-ағзалық класстар мен жиілігі бойынша мынадай жіктемеге сəйкес төменде келтірілген: өте жиі (≥1/10), жиі (≥ 1/100 <1/10 дейін), жиі емес (≥1/1000 <1/100 дейін), сирек (≥1/10,000 <1/1000 дейін), өте сирек (<1/10,000), жиілігі белгісіз (жиілігі белгісіз жағымсыз реакциялар, себебі қолда бар деректердің негізінде бағалау мүмкін емес).

Сирек:
– қышыну, күйдіру, гиперемия.

Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • əсер етуші заттарға немесе қосымша заттарға аса жоғары сезімталдық,
  • 3 жасқа дейінгі балалар,
  • жүктілік жəне бала емізу кезеңі.

Қолдану кезіндегі қажетті сақтық шаралары

  • Қатысты емес

Басқа дəрілік препараттармен өзара əрекеттесуі

  • Анықталмаған

Азық-түлікпен, сусындармен жəне алкогольмен өзара əрекеттесуі

  • Өзара əрекеттесуге зерттеу жүргізілген жоқ

Препараттың көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне əсер ету ерекшеліктері.

  • Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған.

Сақтау шарттары

25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Пайдаланар алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Ашқаннан кейін сақтау мерзімі – 30 күн. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дəріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Қайда сатып алуға болады

Қызыл май

Фитолеум Қызыл май майды өз қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) сұраңыз!

Біз дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналыспаймыз.

Интернет-дәріханалардың тізімі:

  • kz.apteka.com (Барлық аймақтар)
  • gippokrat.kz (Нұр Сұлтан, Қарағанды)
  • rauza-ade.kz (Алматы, Шымкент)
  • europharma.kz (Алматы, Нұр-Сұлтан, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Талдықорған, Тараз, Шымкент)

Бағасы

Фитолеум Қызыл майдың ең үлкен құтысының (100 мл) құны 1000 теңгеден аспайды.

Бағасы дәріхана мен қалаға (Қазақстанда) байланысты. Нақты дәріханадағы нақты бағасын жоғарыдағы сілтемелер арқылы өтіп біле аласыз.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 28 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.