ҚАЗ

Сапа саласындағы саясат

Сапа саласындағы саясаттың негізгі ұстанымдары:

Халық сұранысын ескеріп табиғи шикізат негізінде сапалы, қауіпсіз және тиімді дәрілік заттармен қамтамасыз ету. Халық сұранысын қанағаттандыруға қол жеткізу үшін өнім сапасы біз үшін приоритетті болуы тиіс.

«ФитОлеум» ЖШС сапа саласындағы қызметінің стратегиялық мақсаты:

  1. ҚР ИСО СТ 9001-2009, басқа да нормативті құжаттар талаптарына және үнемі жақсарту принципіне сәйкес сапа менеджмент жүйесінің тиімді қызметін және нәтижелілігін ұйымдастыру;
  2. Басқарудың үрдістік моделіне және бизнес-үрдістерді үздіксіз жетілдіруге ұйымның бағытталуы;
  3. Сапаны қамтамасыз етуде барлық қызметкерлерді жүйелендірілген кәсіби дайындау мен ынталандыру;
  4. Ұйым имиджін сапалы, тиімді және қауіпсіз дәрілік заттардың сенімді жеткізушісі ретінде қалыптастыру;
  5. Жаңа дәрілік препараттарды фармацевтикалық нарықтағы қажеттілігін ескеріп шығару;
  6. Фармацевтикалық нарықтың тәуекелін, талаптарын және тенденциясын бағалау, өнімнің өмірлік циклының барлық сатысында сапаны қамтамасыз етуді қатаң бақылау, сапа үшін персоналдың регламенттелген жауапкершілігі.