ҚАЗ

Фито-тығындәрi Fitoleum 9 шөп + түймедақ

Тыныштандыратын, антисептикалық, қабынуға қарсы әсер.
Терi мен шырышты қабықтарға арналған.
  • 100% табиғи құрам.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Қолданудың 5 нұсқасы
  • Әйелдер мен ерлер үшін
  • Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
  • Фармакология саласындағы мамандармен әзірленген

Сипаттама

Фито-тығындәрi Fitoleum 9 шөп + түймедақ – тері мен шырышты қабықтарға арналған крем, ректальді және қынаптық қолдануға арналған тығындәрілер (суппозиторийлер).

Емдік әсерді Fitoleum 9 шөп майының (шайқурай, шырғанақ, итмұрын, мия, жаужапырақ, тасшөп, қалақай, мыңжапырақ, қырмызыгүл), түймедақ сығындысының (табиғи анальгетик) және тығындәрі қосалқы заттарының (15-тен астам химиялық тәуелсіз компоненттерден тұратын ара балауызы, сондай-ақ какао майының негізі) комбинациясы көрсетеді.

Шығару түрі: контурлы ұяшықты қаптамадағы 10 фито-тығындәрі.

Не үшін қолданылады

Проктологиялық ауруларға шалдыққанда

Геморрой, проктит, тiк iшек жарықтары

Урологиялық ауруларға шалдыққанда

Цистит, простатит

Гинекологиялық ауруларға шалдыққанда

Жатыр мойнының эрозиясы, қынап құрғауы

Қабыну, жарақаттар, тері мен шырыштың кесулері кезінде

Қабынуды, тітіркенуді азайтады, жарақаттарды, жараларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді, соның ішінде жұқпаланған және баяу жазылатындарды.

Косметикалық тәжірибеде. Терінің иммунитетін қалпына келтіру үшін

Жарылулар, қабыршықтану, ерін, қол терісінің, беттің, өкшенің, шынтақтың және дененің басқа да зақымданған жерлерінің тітіркенуін және құрғауын жояды. Жел қағудан қорғайды, нәрлендіреді және терінің серпімділігін арттырады.

9 дәрілік өсімдік + түймедақ

Толығымен табиғи ингредиенттерден тұратын Fitoleum 9 шөп + түймедақ фито-тығындәрісінің тендестірілген кұрамы тыныштандыратын, анальгетикалық, ылғалдандыратын, жұмсартатын, қалпына келтіретін, эрозияға қарсы және қабынуға қарсы әсерге ие. Қышуды, ісінуді, күйдіруді басады, жарылулар кезінде емдік әсер көрсетеді.

Құрамы

* өсімдіктер Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында фармакологиялық белсенді заттар барынша көп жинақталған кезде жиналады.

Fitoleum 9 шөп полифитті майы (сығындылар: шайқурай, шырғанақ, итмұрын, мия, жаужапырақ, тасшөп, қалақай, мыңжапырақ, қырмызыгүл) – 28%, түймедақ сығындысы – 5.6%, табиғи какао майы, сары ара балауызы, бентонит.

Нұсқаулығы

Қолданылуы

  • геморрой, проктит, тiк iшек жарықтары
  • цистит, простатит
  • жатыр мойнының эрозиясы, қынап құрғауы

Косметикалық мақсаттарда:

  • жарылулар, қабыршықтану, ерін, қол терісінің, беттің, өкшенің, шынтақтың және дененің басқа да зақымданған жерлерінің тітіркенуін және құрғауын жояды

Қабылдау әдісі

Тікелей қолданар алдында кем дегенде бір сағатқа тоңазытқышқа салыңыз. Пішінді ұяшықтан фито-тығындәріні шығарып алыңыз, күніне 1-2 реттен фито-тығындәріні тағайындалу бойынша қолданыңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Компоненттердi жеке көтере алмаушылық.

Сақтау шарттары

3-тен +25 °С дейінгі температурада жарықтан қорғалған жерде. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

Өндірушінің қаптамасының тұтастығы және сақтау шарттары сақталған жағдайда 2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босату шарттары

Рецептсіз босатылады. Дәрiлiк зат емес.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 32 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.