ҚАЗ

Бал – табиғаттың ғажайып жаратылысы.

Археологтардың зерттеулері көрсеткендей, жабайы аралар біздің ғасырымызға дейінгі 56 млн. жыл бұрын адамдардан бұрын пайда болған. Балды дәрі ретінде және пайдалы зат ретінде 3500 жыл бұрын танылған. Папирустар мәліметтері бойынша, бал ашық жараларда, зәр шығаруды жеңілдетуде, асқазанды жақсартатын әсері бар. Папирус бойынша кейбір ісіктерді емдеуге қабілетті. Ежелгі гипетте балды тамақ ретінде пайдаланса, ара шаруашылығымен кейін гидіктер де, гректер де, славян елі, үндістер мен қытайлар да айналысқан.

Балдың құрамы өте күрделі, оның құрамына жүзден астам ағза үшін өте құнды компоненттер: глюкоза, левулеза, дәрумендер, ферменттер,органикалық қышқылдар, микрэлементтер, минералды, антибактериалды және басқа да заттар кіреді.

Балдың антибактериалды, саңырауқұлаққа қарсы, вирусқа қарсы әсері бар. Бал фруктозасының болуына байланысты қант диабетінде де қолдануға болады. Суық тигенде, вирусты ауруларда тиімді. Тыныс алу жүйесінде, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.