ҚАЗ

Долана – дәрілік, тағамдық және декоративті өсімдік. Ежелгі уақытта адамдар долананы – зиянды рухтан қорғаушы деп сенген. Раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Табиғатта мыңнан астам түрі болғанымен, оның 200-ге жуығы ғана кең таралған. Тікенекті бұталы өсімдік немесе шағын ағаш түрінде кездесетін долананың биіктігі шамамен 2-8 м болып келеді. Жапырақтарының ұзындығы 6 см, ені 4-5 см көлемінде. Биіктігі 3-5 м.

Дәрілік мақсатта долананың жемісі мен гүлін пайдаланады. Доланадан жасалған дәрілер орталық жүйке жүйесін тыныштандырады, жүрек бұлшық еттеріне күш береді, жүрек пен мидағы қан айналымын жақсартады.

Долана жемісі құрамында 4-11% мөлшерінде қант, негізінен фруктоза, қант диабетінде де қолдануға болады, биологиялық белсенді заттар – үштерпенді қышқылдар (олеано, урсол), холин және ацетилхолин, кверцетин, илік заттар, фитостерин, шарап және лимон қышқылы, А, С, Р дәрумендері бар.

Долана тамыр тарылтатын, түйілуді басатын, жүректің және мидың қанмен қанмен қамтамасыз ететін,күшті антиоксиданттық қасиетке ие, қандағы холестерин деңгейін төмендетеді, тамырлар мен капиллярлардың қабырғаларының өткізгіштігін төмендетеді.