ҚАЗ

Грек жаңғағының жапырақтары

листья грецкого ореха

Грек жаңғағының дәмі керемет болуымен қатар, оның бірнеше пайдалы қасиеттері бар екенін көбісі біледі. Ал оның жапырақтарының емдік қасиеттері туралы көп адам біле бермейді.

Грек жаңғағының жапырақтары – қажет микро және макроэлементтердің қайнар көзі. Олардың құрамында В тобының дәрумендері, сондай-ақ С, А және Р дәрумендері бар. Құрамында йод пен фосфордың мөлшері көп болуының арқасында грек жаңғағының жапырақтарын қолдану саласы кеңейе түседі.

Жаңғақ жапырақтарының сіріндісі қан тоқтататын, жарақатты жазатын, қабынуға қарсы, иммунтүрлендіруші, тұтқыр және ауырсыздандырғыш әрекет етеді. Ауыз қуысы қабынған жағдайда бұл жапырақтарды ауыз қуысын шаю үшін пайдаланады. Өсімдіктің құрамындағы фосфор тістер мен сүйектердің саулығына, олардың нығаюына ықпал етеді. Ал құрамында йод болуының арқасында бұл жапырақтарды қалқанша бездің патологиялары кезінде қолдануға болады. Жапырақтан әзірленген қайнатпалар терінің, шырышты қабықтың, АІЖ-ң аурулары кезінде, атеросклероз, ішке қан ағу, құяң ауруы кезінде жақсы көмектеседі, зат алмасуды жақсартады, қант диабеті кезінде пайдалы.