ҚАЗ
Fitoleum Шырғанақ крем‑қарындаш

Fitoleum Шырғанақ крем‑қарындаш

Қалпына келтіретін, ылғалдандырушы және қабынуға қарсы әсер.
Терi мен шырышты қабықтарға арналған.
  • 100% табиғи құрам.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Қолданудың 5 нұсқасы
  • Әйелдер мен ерлер үшін
  • Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
  • Фармакология саласындағы мамандармен әзірленген

Сипаттама

Fitoleum Шырғанақ крем-қарындаш – тері мен шырышты қабықтарға арналған крем, ректальді және қынаптық қолдануға арналған тығындәрілер (суппозиторийлер).

Шырғанақ майы комбинациясы, Fitoleum 9 шөп майының (шайқурай, шырғанақ, итмұрын, мия, жаужапырақ, тасшөп, қалақай, мыңжапырақ, қырмызыгүл) мен суппозиторийлердің заттектерінің (15-тен астам химиялық дербес компоненттерден тұратын ара балауызы, сондай-ақ какао майының негізі) терапевтік әсер көрсетеді.

Шығару түрі: 10 крем-қарындаштар пішінді ұяшықты қаптамада.

Не үшін қолданылады

Проктологиялық ауруларға шалдыққанда

Геморрой, проктит, тiк iшек жарықтары

Урологиялық ауруларға шалдыққанда

Цистит, простатит

Гинекологиялық ауруларға шалдыққанда

Жатыр мойнының эрозиясы, қынап құрғауы

Қабыну, жарақаттар, тері мен шырыштың кесулері кезінде

Қабынуды, тітіркенуді азайтады, жарақаттарды, жараларды тез қалпына келтіруге ықпал етеді, соның ішінде жұқпаланған және баяу жазылатындарды.

Косметикалық тәжірибеде. Терінің иммунитетін қалпына келтіру үшін

Жарылулар, қабыршықтану, ерін, қол терісінің, беттің, өкшенің, шынтақтың және дененің басқа да зақымданған жерлерінің тітіркенуін және құрғауын жояды. Жел қағудан қорғайды, нәрлендіреді және терінің серпімділігін арттырады.

Шырғанақ + 9 дәрілік өсімдік

Fitoleum Шырғанақ крем-қарындаштарының теңдестірілген құрамы жұмсартқыш және ылғалдандырғыш әсер көрсетеді, қабынуды басады, тіндердің қалпына келуін ынталандырады, тіндердегі зат алмасуды жақсартады, қан тамырларын нығайтады.

Құрамы

* өсімдіктер Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында фармакологиялық белсенді заттар барынша көп жинақталған кезде жиналады.

Нұсқаулығы

Қолдану саласы

  • геморрой, проктит, тiк iшек жарықтары
  • цистит, простатит
  • жатыр мойнының эрозиясы, қынап құрғауы

Косметикалық мақсаттарда:

  • жарылулар, қабыршықтану, ерін, қол терісінің, беттің, өкшенің, шынтақтың және дененің басқа да зақымданған жерлерінің тітіркенуін және құрғауын жояды

Қолдану тәсілі

Крем-қарындаштарды тығындәрі (суппозиторийлер) ретінде пайдаланған кезде, қолданар алдында өнімді кем дегенде 1 сағатқа тоңазытқышқа (мұздатқышқа емес) салыңыз. Косметикалық мақсаттармен қолданған кезде бұл рәсім қажет емес.

Пішінді ұяшықтан крем-қарындашты алыңыз, күніне 1-2 рет 1 данадан қолданыңыз.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Компоненттердi жеке көтере алмаушылық.

Сақтау шарттары

3-тен +25 °С дейінгі температурада жарықтан қорғалған жерде. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек.

Жарамдылық мерзімі

Өндірушінің қаптамасының тұтастығы және сақтау шарттары сақталған жағдайда 2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Босату шарттары

Рецептсіз босатылады. Дәрiлiк зат емес.

Сату орындары  →

Қайда сатып алуға болады

Fitoleum Шырғанақ крем‑қарындаш

Fitoleum Шырғанақ крем-қарындашы келесі жерлерде ұсынылған:

Жеткізу құны мен уақытын жоғарыдағы сілтемелерді басу арқылы білуге болады.

  • №2 Орталық Дәріхана
    (Қазақстан, Алматы қ., Назарбаев даңғ. 91/97 Гоголь көш. қиылысы – картаны қараңыз)

    Бағасы: 2500 теңге

Біз жеткізуді жүзеге асырмаймыз!

Басқа орындарда

Өкінішке орай, бұл өнімді тапсырыс беруге әлі мүмкіндік жоқ. Бірақ, сіз біздің жіберілімге жазыла аласыз және біз сіздің өңіріңізде біздің өнімдерімізді сатып алу мүмкіндігі пайда болған кезде сізге хабарын береміз.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 32 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.