
Шүкір май, полифитті май
- 100% табиғи өнім.
Консерванттар мен бояғыштарсыз - Теріге және ішке енгізу үшін
- Қолданудың 3 нұсқасы
- Ересектер мен 3 жастан бастап балаларға арналған
- Клиникалық дәлелденген тиімділік
- GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
Сипаттама
Шүкір май – полифитті май, Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат. Дәрілік өсімдіктердің 4 түрінен түпнұсқа технология бойынша дайындалған 100% табиғи сығындысы.
Шүкір майының өсімдік құрамына келесі биологиялық белсенді заттар кіреді: сапонинді гликозидтер – глицирризин, глицирризин қышқылы, инулин, танногликозидтер, антрагликозидтер, антрахинонды қосылыстар, С дәрумені, каротиноидтар, К1, В1, В2, РР дәрумендері, пантотен қышқылы, макро- және микроэлементтер, уртицин, флавоноидтар.
Шығару түрі: 50 мл / 100 мл
Не үшін қолданылады
Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде
Бауыр мен өт шығаратын жолдардың ауруларында, асқазан және 12 елі ішектің ойық жараларында, гастриттерде, колиттерде, геморройда.
Бронх-өкпе жүйесінің қабыну аурулары кезінде
Бронхиттерде, бронх демікпеде.
Тері аурулары кезінде
Дерматиттерде.
4 емдік шөптерден тұратын теңдестірілген формула
Шүкір майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, қант төмендететін, гепатопротекторлы (бауыр тіндерін қорғау) әсері.
Құрамы
* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.
Нұсқаулығы
Қолданылуы
Кешенді ем кезінде:
- бауыр мен өт шығаратын жолдардың ауруларында
- асқазан және 12 елі ішектің ойық жараларында
- гастриттерде
- колиттерде
- геморройда
- бронхиттерде
- бронх демікпеде
- дерматиттерде
Қолдану тәсілі және дозалары
7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 4 рет ½ шай қасықтан; 7 жастан асқан балаларға және ересектерге – тамақтануға дейін 15-20 минут қалғанда күніне 4 рет 1 шай қасықтан ішке қабылдайды. Сыртқа: тері ауруларында зақымдалған жерге күніне 2-3 рет жағу керек.
Жағымсыз әсерлері
- сирек жағдайларда: қышыну, шымылдатып ашыту, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.
Қолдануға болмайтын жағдайлар
Препаратқа жоғары сезімталдық.
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
- препарат компонеттеріне жоғары сезімталдық
Айрықша нұсқаулар
Жүктілік және лактация кезеңі:
- Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.
Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:
- Әсер етпейді.
Артық дозалануы
Препаратпен артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.
Сақтау шарттары
Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Пайдаланудың алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәрілік препарат болып табылады.
Тіркеу нөмірі
ҚР-ДЗ-3№121888
Ресми өндіруші – ТОО Фитолеум, Қазақстан Республиқасы, Есік қ.

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?







