Полифиттік «Кызыл май», майын, шырғанақ майын және итмұрын майын ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларында және пародонт патологияларын емдеуде қолданғандағы салыстырмалы мәліметтері.
Р М. Валиева, С. С. Давлетбеков
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, терапевтикалық стоматология кафедрасы (меңгеруші — проф. Гончарова Е.И.)
Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары мен пародонт патологияларының алдын-алу мен емдеу мәселелерінің өзектілігі – бұл аурулардың жоғары таралғандығымен және ағза сенсибилизациясын туындататындығының алғашқы себебі саналатындығы.
Бұл ауруы бар науқастардың алдымен психикасы зақымдалады, жұмысқа қабілеті нашарлайды. Пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларының дұрыс емделмеуінің себебі көп. Аурудан айығу пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатында созылмалы қабыну үрдісінің баяулатып қайта дамуы және тін регенерациясының жәй жүруі саналады. Стоматологиялық тәжірибеде бұл кемшіліктерді оқшаулау мақсатында көптеген дәрілік заттар арсеналы қолданылады.
Ағзаның реактивтілігін арттыру, қабынуға қарсы, ауру сезімін жоятын, микробқа қарсы, регенерациялау қабілетке ие «Қызыл май» препараты, шырғанақ майы және итмұрын майы алынып, пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларын өңдеу жүргізілді. Үш ай бойы бұл препараттардың клиникалық апробациясы пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатының патологиясы бар науқастарға сыналды. Барлығы 60 науқас емделді, олардың 26-сы пародонт патологиясымен (8 науқас шырғанақ май мен итмұрын майымен емделсе, 18-і «Қызыл май» препаратымен емделді), 34 науқас ауыз қуысының шырышты қабатының ауруларымен (4 – лейкоплакия, 8 – созылмалы рецидивті афтозды стоматит, 10 – жарақаттық жара, 12 – некрозды-жаралы стоматит). Олардың 2 науқасы шырғанақ майымен, итмұрын майымен емделсе, қалғандары «Қызыл маймен» емделді. «Қызыл маймен» жалпы 26 науқас емделді. Ем кешенді жүргізілді, жүйелі түрде. Кешенді ем жергілікті және жалпы емнен тұрды. Жалпы ем бүкіл ағзаға әсер етумен сипатталса, жергілікті ем тітіркендіргіш әсерді (грануляциялы тіннің тістегі қақтарын, қызылиек асты және үсті қатпарларын алып тастау) жоюмен, алмасу үрдістерін қалпына келтіру, иммунобиологиялық қасиеттерін арттырумен ерекшеленді.
Жергілікті емді қабыну үрдісі болмағанда ауыз қуысын санациялаудан бастадық. Кейін «Қызыл май» қолданылған пародонт ауруы бар науқастардың тобында бастапқы 2-3 күнінде клиникалық қалталарға ПФМ малынған турунда түрінде 5-10 минутқа енгізілді, кейінгі күндерде қызылиек шеттеріне 10-15 минутқа аппликация жасау жүргізілді. Ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар науқастарға «Қызыл май» аппликация түрінде 10-20 минутқа қолданылды, емдеу курсы 7-10 күнді құрады.
Клиникалық сынақ нәтижесі келесідей: «Қызыл маймен» емдеу жүргізілген пародонт және ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар науқастар тобында регенерация, қабыну үрдістерінің азаюы 4-5 күнде байқалды, бұл шырғанақ майымен, итмұрын майымен емделген салыстыру тобының науқастарына қарағанда 2-3 күн ерте жүрді. «Қызыл майды» қолдану рационалды, әрі стоматологтар тағайындайтын дәрілік заттар арсеналын кеңейтеді, себебі препарат ауыз қуысының шырышты қабатының регенерациясын жылдамдатып, пародонт ақауларын азайтады.