ҚАЗ

Парадонтоз

Полифиттік «Қызыл май»® майын ауыз қуысының шырышты қабатын және пародонт ауруларын емдеуде қолдану.

И. Гончарова, Г.С. Студенцова, С.К. Смагулова, А.Б. Исмагулова
Қазақ дәрігерлерді жетілдіру институты, терапиялық стоматология кафедрасы (меңгеруші проф. Гончарова Е.И.)

Қазіргі таңда стоматологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын 100-ден астам емдік өсімдіктер белгілі. Фитотерапияға қызығушылықтың артуы өсімдік препараттарының жоғары тиімділігімен, жанама әсерлерінің жоқтығымен (синтетикалық фармакологиялық заттарға қарағанда) түсіндіріледі. Сонымен бірге, өсімдік препараттарымен ұзақ уақыттық емделу ауыз қуысының микробты флорасының бейімделуін шақырмайды. Стоматологиялық тәжірибеде әртүрлі дәрілік қалыптар (тұндырма, қайнатпа, жағылма, паста) мен әртүрлі жергілікті және жалпы емдеу тәсілі қолданылады (1-4, 6, 7); Жаңа тиімді фитопрепараттарды іздестіру жалғасуда. Осылардың қатарына полифиттік «Қызыл май» препаратын да жатқызуға болады. Полифиттік майдың құрамына кіретін шәйқурай, шырғанақ, итмұрын, қалақай сияқты өсімдіктердің кейбірі стоматология тәжірибесінде пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатын емдеуде жетістікпен қолданылуда. Көптеген өсімдіктердің майлы сығындылары үлкен үлестегі биологиялық белсенді заттарды қамтиды, олар өз кезегінде препараттың фармакологиялық қасиетін айқындай түседі.

Полифиттік майдың поливитаминдік жиынтығының және белсенді әсер етуші заттардың арқасында қолдануға арналған нұсқаулығына сәйкес қабынуға қарсы, антибактериалды, жараны жазушы және иммуно-ынталандырушы әсер көрсетеді. Оны қолдану пародонт пен ауыз қуысының шырышты қабатының жергілікті емінде таптырмас құрал екені дәлелденді.

Созылмалы пародонтитпен 134 науқас емделді, асқыну сатысындағы созылмалы пародонтитпен — 110 науқас, ауыз қуысы шырышты қабатының ауруларымен – 24. Олардың 79-ы ер адамдар, 55-і әйел, жастары: 40 жастағы – 15 науқас, 41- 50 жастағы – 88, 51-ден жоғары – 31 адам ем қабылдады.

Созылмалы және асқыну сатысындағы созылмалы пародонтиттің кешенді емінде «Қызыл май» майы және линименті қолданылды. Олардың негізінде емдік тіс пастасы жасалып, қатаюшы құрал дайындалды. Пародонталды қалтаны антисептикалық өңдегеннен кейін, тіс қақтарын алып тастағаннан кейін, тіс-қызыл иек қалтасына турунда түрінде полифиттік май енгізілді, ал линимент пен паста тегістегіш арқылы енгізілді. Аппликацияны 10 минут бойы күн сайын немесе күн ара жасап отырдық, 5-7 ем-шара курсын құрады. Созылмалы пародонтиттің асқыну сатысында полифиттік майды қолданардан алдын трихопол немесе метацил қосылды. Бұл құрам паста тәріздес консистенцияда дайындалды. Біруақытта УКС 3-4 ем-шарасы, жалпы ем және гигиеналық шаралар тағайындалды. «Қызыл майдың» майы мен линименті емдік қатаюшы құралдың негізі ретінде қолданылды, олар 1:1 қатынаста алынған мырыш тотығы және жасанды дентинмен араластырылып дайындалды. Бұл құрам қызылиектің шетіне, ашық кюретажға, гингиоэктомияға, лоскутты ота жасалған орынға қойылды. Пастаны қойғаннан кейінгі 2 сағат бойы тамақ қабылдауға тыйым салынды. Бір-екі аппликациядан кейін, турунда қойылған соң гиперемия, ісіну, ауру сезімі азайды, 5-7 ем-шарадан соң қызылиектің қанауы тоқтап, пародонт тінінің жалпы күйі жақсарды, ремиссия дамыды.

Полифиттік маймен және линиментпен емдеу ауыз қуысының шырышты қабатының аурулары бар 21 науқасқа жүргізілді. Осылайша, жарақаттық стоматиті бар – 12 науқас, жаралы-эрозиялы түрдегі қызыл тегіс теміреткісі бар – 2, жедел герпестік стоматиті бар – 1 науқас, дамып жатқан эфтозды стоматиті бар – 6, көптүрлі экссудативті эритемасы бар – 1, десквамативті глосситі бар – 2 науқас ем қабылдады.

Зақымдалған ошақтың ауру сезімі жойылған соң және антисептикалық өңдегеннен кейін полифиттік майға немесе линиментке малынған майлық 8-10 минутқа қойылды, ауру түрі мен ағымына байланысты ем-шара саны 3-тен 7-8 аралығында болды. Науқастардың жалпы күйі жақсарып, ауру сезімі азайды, 3-4 ем-шарадан кейін гиперемия, ісіну азайып, зақымдалған орындардың эпителиленуі байқалды. Препаратқа аллергиялық реакциялар байқалмады.

Созылмалы пародонтит, асқыну сатысындағы созылмалы пародонтит, ауыз қуысының шырышты қабатының әртүрлі ауруларын емдеу нәтижесі ұқсас әдістерді қолданып, итмұрын, каротолин, шырғанақ майларын, А, Е дәрумендерін қолданып емделген науқастардың нәтижесімен салыстырылып субъективті және объективті мәліметтер бойынша бағаланды. Эпителизация мерзімі бойынша қабыну үрдісін тез басуы бойынша полифиттік препаратпен әсерлері бірдей. Алайда, полифиттік май мен «Қызыл май» линименті бірқатар артықшылықтарға ие:

  1. Препараттар консистенциясы жұмыс істеуге ыңғайлы, дәрілік қалыптың басқа да нұсқаларын дайындауға мүмкіндік бар.
  2. Исінің және жағымсыз дәмінің болмауы сілекей бөлінуін ынталандырмайды, сол себептен препарат шайылып кетпейді.
  3. Препараттар инструментті, таңғыш материалды, шырышты қабатты және тісті бүлдірмейді, себебі пигменттелуі төмен.
  4. Ауыз қуысының шырышты қабатына полифиттік майдың құрамының тітіркендіргіш әсерінің болмауы.
  5. «Қызыл май» препараты жоғары тиімділігімен және аллергиялық реакциялардың жоқтығымен ерекшеленеді.
  6. Осылайша, полифиттік май мен «Қызыл май» линименті стоматологиялық тәжірибеде созылмалы пародонтит пен асқыну сатысындағы созылмалы пародонтитте, ауыз қуысының шырышты қабатының әртүрлі ауруларында, тін зақымында қолдануға болады.

 

ӘДЕБИЕТТЕР

  1. В. П. Блохин, В. А. Дрожжина, Ю. А. Федоров, Г. Б. Шторина. Использование некоторых экстрактов лекарственных растений в комплексном лечении пародонта. // Өзбекстан стоматологтарының 111 съезд еңбектері.- Ташкент, 1992- 124-127 бет.
  2. В. А. Епишев, Ф. М. Мамедова, Э. А. Сардарова. Емдік стоматология бойынша рецептуралық анықтама.- Ташкент: Медицина, 1987, 200 бет.
  3. В. А. Епишев, Н. Р. Ташходжаева. Опыт применения фитолизина при лечении эрозивной формы красного плоского лишая (КПЛ) полости рта. Өзбекстан стоматологтарының 111 съезд еңбектері.- Ташкент, 1992- 115-117 бет.
  4. Лекарственные препараты, применяемые в стоматологической практике. (Ред. М. В. Комендантовой.- Мәчкеу: Медицина, 1972,- 164 бет.
  5. А. И. Марченко, А. И. Баранюк, Е. В. Левицкая, Е. П. Соколовская. Лекарственные растения в стоматологии.- Кишинев: Штиинца, 1989,- 183 бет.
  6. Г. П. Просверяк, Л. И. Погодина. Растительные препараты в терапии стоматологических заболеваний.- Минск: Полымя, 1986,- 28 бет.
  7. Т. Н. Файзуллаев, А. А. Зуфаров. Лекарственные растения (листья ореха, цветки вьюнка, трава пустырника) при лечении болезней пародонта. /// Өзбекстан стоматологтарының 111 съезд еңбектері.- Ташкент, 1992- 112-115 бет.