ҚАЗ

Стоматит

Ауыз қуысының шырышты қабығының ауруларын кешенді емдеуде төрт компонентті полифитті майды қолдану тәжірибесі

Түйін. Ауыз қуысының шырышты қабығының әртүрлі эрозиялық зақымданулары бар науқастарды емдеуде стандартты ем және кешенді терапия құрамында шырғанақ майы, шәйқурай, қалақай мен жаңғақ жапырақтарының сығындыларынан тұратын төрт компонентті полифитті май болып табылатын «Fitoleum Қызыл иек пен тіске арналған май» (ҚТМ) өсімдік негізді құралды қолдану нәтижелеріне салыстыру жүргізілді. Зерттеуге ауыз қуысының шырышты қабығының әртүрлі эрозиялық зақымданулары бар 32 пациенттің деректері кірді: қайталанатын ауыз афталары, созылмалы қайталанатын герпетикалық стоматит және ауыз қуысының шырышты қабығының травматикалық зақымдалуы (АХЖ бойынша Стоматит және басқа да байланысты зақымданулар). Он жеті науқас ауруды емдеу хаттамасына сәйкес өсімдік негізді құралмен біріктірілген түрде емдеді, ал 15 пациент бақылау тобы болды. Клиникалық нәтижелерді талдау кезінде ҚТМ қолданылған топта эрозиялардың эпителиализациясы айтарлықтай жылдамдатылғаны, қабыну процесінің жеңілдетілгені және ауырсыну белгілерінің төмендеуі байқалды. Осылайша, ҚТМ қолданумен кешенді терапия ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануын тиімдірек және жылдам емдеуге көмектесіп, сондай-ақ қайталану жиілігін азайтуға ықпал етеді.

Түйінді сөздер: ауыз қуысының шырышты қабаты, эрозиялық-ойық жаралы зақымданулар, стоматит, кешенді терапия, полифитті май, кератопластика.

Авторлар: К. М. Валов, А. С. Келеке, М.Т. Копбаева, Б. А. Омарова, А. Д. Сагатбаева
С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті» КЕАҚ, Алматы қ., Қазақстан