Шашқа арналған шайғыш
Дайындау үшін ашық түсті шашқа «Түймедақ» фито-шәйінің 2-3 пакетигін алып, қара шаш үшін қалақайды қолданып, 1 литр қайнатпаға қосып 1 сағат бойы тұндырады. Сүзеді. Алынған тұнбаны шашты жуған соң шайып, бас терісіне жағады. Шашты аздап сығып, басты жылы сүлгімен орап қояды.
Шашқа арналған
Дайындау үшін бір шәй қасық рауғаш майы мен бал алып, үлкен пияяздың суын қосып, 10 г шоңайна шырыны мен шампунь қосады. Алынған қоспаны жуылмаған шашқа жағады. Шашқа полиэтиленді шапка киіп, жылытушы қалпақ киеді. Жарты сағатқа қалдырады. Бұл уақыт өткен соң басты жылы сумен жуып, құрғатқыш құралды қолданбай кептіру керек. Тағы шашқа аптасына 2-3 рет шоңайнаның балғын шырынын жағуға болады – шашыңыз Сізді қуантады.
Шашқа арналған Е дәрумені қосылған қоректік маска
Кішігірім ыдысқа 1-2 ас қасық рауғаш майы мен 1-2 ас қасық жожоба майын шашқа сай мөлшерде араластырып, су моншасында аздап жылытып, 1 шәй қасық Е дәруменінің майлы ерітіндісін қосады. Компоненттерді дәрумен толық ерігенше араластырып, жұмсақ уқалаумен бас терісіне жағады. Шаштың бүкіл ұзындығына жағып, пленкамен жауып, сүлгімен орайды. Масканы 40-60 минутқа қалдырып, шашты шампуньмен жуып тастайды. Маска шашқа көлем беріп, жылтыратады.
Құрғақ шашқа арналған маска
Дайындау үшін зәйтүн, рауғаш және миндаль майынан 1 ас қасықтан алып, су моншасында қыздырып, 1 шәй қасық Е дәруменінің майлы ерітіндісін қосады. Араластырады. Масканы уқалап отырып, бас терісіне бірнеше минутқа жағып қалдырады. Сыртынан полиэтиленді пакетпен жауып, сүлгімен орап қояды. Масканы 60 минутқа қалдырады. Ем-шарадан кейін басты шампуньмен жуып тастайды.
Жылтыр шашқа арналған маска
Кішігірім ыдысқа 2 ас қасық рауғаш майын құйып, су моншасында жылытып, 1 шәй қасық Е дәруменін және 1 жұмыртқа саруызын қосады. Масканы шаш түбіне бүкіл ұзындығын бойлай жағады. Сыртынан шапка киіп, сүлгімен орайды, 30 минутқа қалдырады. Ем-шарадан кейін басты шампуньмен жуады.
Шашқа арналған бекітуші маска
Дайындау үшін «Қалақай» және «Түймедақ» фито-шәй алып, қара нанның жұмсағын, 1 шәй қасық Е дәруменін алады. 1 шәй қасықтан фито-шәйға қайнаған су құйып, тұндырып қояды. Алынған қайнатпаға ұсақталған қара нан қосады. Алынған массаны ботқа алғанша араластырады, Е дәруменін қосады. Масканы бас терісіне және шаштың түбіріне жағып, пленкамен немесе шапка киіп, сүлгімен орайды. 1 сағатқа қалдырады. Ем-шарадан кейін басты шампуньмен жуады.
Шаш түсуіне арналған маска
Дайындау үшін 2 орташа картоп алып, 1 шәй қасық «Денсаулық» балын, 1 капсуладан Е және А майлы ерітінділерін, 2 ас қасық алоэ вера гелін алады. Картопты ұсақ үккіштен өткізіп, 2 ас қасық картоп шырынына алоэ вера гелімен араластырып, бал және А, Е дәрумендерін қосады. Масканы шаш түбіне бірнеше минутқа қалдырады. Пленкамен жауып, немесе шапка киіп, сүлгімен орап, 1,5-2 сағаттан кейін, жылы сумен және шампунмен жуып тастайды.
Қайызғақты емдеу үшін
Бал саңырауқұлаққа қарсы әсерге ие болғандықтан, шампунге қосып, бас теріне қышу мен қайызғақтан арылу үшін жағады.
Тірі дәрумендері бар 1 ас қасық «Денсаулық» балы мен 1 шәй қасық су араластырып, бас терісіне жағады, 2 сағатқа қалдырады. Жылы сумен жуып тастап, әрбір екі күн сайын қайталау керек.