Түймедақ – бүкіл әлемге танымал дәрілік өсімдік. Славян мәдениетінде түймедақ байлықты, махаббатты, пәктік белгісін білдіреді.
Түймедақ күрделігүлділер – Asteraceae тұқымдасына жатады. Бұл бұтақталған сабақтары бар біржылдық исі бар шөптесін өсімдік. Жапырақтары аз сызықты бөліктермен қосарлы бөлінген. Гүл кәрзеңкесі майда, шеттері ақ жалған тілшелі, жүректік сары түтікшелі гүлдерден тұрады. Дәріханалық түймедақ иіссіз түймедақтан ароматты исімен ерекшеленеді. Биіктігі 20-40 см.
Түймедақ кәрзеңкелерінде флавоноидтар, лютеолин туындылары, апигенин және кверцетин туындылары, кумариндер (умбеллиферон и герниорин), полиинді қосылыстар, фитостериндер, бос органикалық қышқылдар (антемис, каприл, салицил, изовалериан), шырышты және илік заттар, ащылар, дәрумендер (аскорбин және никотин қышқылдары), каротин, ақуыздық заттар, камедь.
Түймедақтың қасиеттері: дезинфекциялық, қабынуға қарсы, өт айдайтын, ауруды басатын, седативті, тыныштандырушы, жараны жазушы, тер шығаратын, тырысуға қарсы, түйілуді басатын, қан тоқтататын, аллергияға қарсы.