ҚАЗ

Мия – сақтар ағашы. Мияның емдік мақсатта қолданылуы туралы ақпараттар «эберс» папирусында, ежелгі грек ғалымдарының еңбектерінде келтірілген, қытай және тибет медицинасында өте жоғары бағаланған. Орта ғасырлардан бастап мия тамыры барлық медициналық кітаптарда, дәрілік заттар тізімінде келтірілген.

Мия Fabaceae бұршақ тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдіктер. Тамырсабақтары толық, бұтақталған; бірнеше метрге созылатын қарапайым немесе аз бұтақталған тамыр шығарылады, 5-30 көлденең тараған тамырларының ұзындығы 1-2 метрге жетеді, терең орналасқандары 30-40 см-ге созылады. Қазақстанның шөл, шөлейтті, далалы аймақтарында өсетін 5 түрі бар. Биіктігі 10-80 см-дей, тамыры жуан. Сабағы тік өседі, жапырақтар қандауыр тәрізді, қарама-қарсы орналасады. Гүлдері көк, күлгін түсті, селдір шашақ гүлшоғырына топтасқан. Тұқымы арқылы немесе вегетативті жолмен көбейеді. Маусым – шілдеде гүлдеп, шілде – тамыз айларында жеміс салады. Жемісі – қабықты бұршақ. Бұл өсімдік жылына бірнеше жүздеген ұрық салады. Тұқымы топырақта 2-3 жылға дейін тіршілігін жоймайды. Қызыл мия және миятамыр деген түрлерінің тамырында гликозид, ликвиритин, глиццирризин, сахароза, эфир майы, фруктоза, глюкоза, маннит, ащылар, камедб, аспарагин, полисахарид, шайырлар, фенолкарбон қышқылы, органик. қышқылдар, минерал тұздары бар. Сондықтан оларды медицинада, темекі және тамақ өнеркәсібінде қолданады. Жапырағы, сабағы мал азығы ретінде пайдаланылады.

Мия қақырықты шығаратын, қармаушы, зәр айдайтын, іш жүргізетін құрал. Мия препараттары тыныс жолдарының ауруларында, созылмалы ішқатуда, геморройда, тұз-су алмасуын реттейтін әсері бар. Мия тамырының ұсақталған күйде асқазандық, іш айдайтын, геморройға қарсы, кеуделік жинақтардың құрамына кіреді. Күрделі таблеткалар, пилюлялар дайындауда қолданылады, тәттілік беру үшін де қосылады.