ҚАЗ

Аюқұлақ

Аюқұлақ емдік қасиетіне байланысты адамзатқа ежелден таныс. Халық арасында аюқұлақтың аты көп. Кең тараған түрінің бірі – кәдімгі аюқұлақ (V. thapsus). Биіктігі 50-125 см, тік өскен сабағы мен бүтін жиекті жапырақтарын бозғылт қалың түк басқан. Тамырына жақын орналасқан жапырақтарының түрі сопақтау, ұзындығы 10 – 30 см, көлд. 3-8 см болады. Сары түсті гүлдері шашақ гүлшоғырына шоғырлана орналасады. Жемісі – қорапша. Маусым – шілде айларында гүлдейді, шілде – тамызда жеміс береді. Аюқұлақ – улы, дәрілік өсімдіктер. Гүлінен, жапырағынан алынған ұнтақ пен тұнбаны әр түрлі ауруларды емдеуге пайдаланады. Жапырағынан қайнатып алынған тұнбаны суалған сиырларға береді. Тұқымын тышқан улауға қолданады. Кейбір түрлері сәндік үшін өсіріледі. Биіктігі 30-100 см.

Аюқұлақ жапырағында 35% дейін пирогалл тобының илік заттары, гликозид арбутин, гидрохинон, галл және эпигалл қышқылдары, флавоноидтар – гиперозид, мирицитрин, кверцетин, құмырсқа қышқылы, алма, хин, протокатехин, урсол қышқылы бар.

Аюқұлақ жапырақтары зәр айдайтын, бактерицидті, дезинфекциялаушы, қабынуға қарсы, антисептикалық қасиетке ие. Жүйке жүйесін тыныштандыратын әсері бар. Аюқұлақты зәр шығару-жыныс жолдарының әртүрлі ауруларында қолданады.