ҚАЗ

Кеңестер мен ескертулер

Қияр салқындатқыш, әрі тыныштандырғыш әсерге ие, әсіресе көз астында.


Егер бетіңізде қара нүктелер болса, оны скраб жағардан алдын ашу керек жағдайда, ыстық суға сүлгінің бір бөлігін сулап бетке қою керек. Абайлап істеген жөн, себебі бетті күйдіріп алмау керек.


Үй скрабы 1-2 апта бойы қолдану керек, себебі қолданған ингредиенттер табиғи болғандықтан тез бұзылады.


Кез-келген скрабқа лаванда, лимон немесе басқа да эфир майын қосыңыз, бұл ароматерапия сеансы да саналады.


Бет терісін тазалау және ылғалдандыру үшін тұз немесе қант қолданған дұрыс, өсімдік майын, бал қосқан да пайдалы.


Бал жақсы ылғалдандырғыш, антибактериалды әсерге ие.


Қырмызыгүл ылғалдандыратын, тыныштандыратын, жараны жазатын, қабынуға қарсы әсер көрсетеді.


Қант жұмсартқыш, әрі тазартқыш әсерге ие.


Фито-шәй бет терісін бос радикалдардан қорғайды.


Скрабты бірінші рет қолданғанда сезімталдыққа сынама жүргізіңіз. Ол үшін скрабтың азғана бөлігін білегііңізге жағып, 30 минутқа

қалдырыңыз, кейін жуып тастаңыз. Жағымсыз реакциялар пайда болса, скрабты қолданбаңыз.


Тұздың бөлшектері теріні зақымдауы мүмкін, тұз қатпарлануды жою үшін тек қана еріген күйде пайдаланылады.


Теріңіз құрғақ болған сайын, абразивті заттары аз болуы керек, тері бетін зақымдамас үшін сезімтал терілерге тұзды және қантты скрабты қолданбаған дұрыс.