Әңгіме
1992
Ағайынды Перепелица Владимир мен Евгений «ФитОлеум» компаниясын ұйымдастырып, алғашқы өнімін Алма-Ата фармацевтикалық фабрикасында шығарды (ТШ №004-92).
1994
«Қызылмай» тауарлық белгісі тіркеуден өтті (№ 4643).
1995
Полифиттік «Қызылмай» майына бірінші фармакопеялық бап бекітілді (ҚР ФБ 42-47-95).
2002
«Қызылмай» суппозиторилеріне, «Қызылмай прополиспен» суппозиторилеріне, «Похудейка» ағзаны тазартушы фито-шәйына оригинал технология патенттелді. «Қызылмай» және «Қызылмай прополиспен» суппозиторилері тіркелді.
2004
Аумағы 1064 м² болатын жаңа өндірістік база қолданысқа енгізілді.
2005
Өз плантацияда дәрілік өсімдіктерді мәдени өсіру бойынша жұмыстар жүргізілді.
2007
GMP стандартына енгізуге дайындық басталды.
2010
GMP EО талаптарына сәйкес суппозиторилер дайындау бойынша автоматтандырылған линия (Италия) іске қосылды.
2010
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ бірге оригинал дәрілік препаратты фармацевтикалық жасау.
2011
GMP талаптарына сәйкес өнеркәсіптік орын реконструкциясы.
2011
GMP талаптарына сәйкес сүзу қондырғыларының (Ресей) іске қосылуы.
2011
ИСО СМК 9001-2009 «дәрілік заттарды жасау, өндіру және айналымын жүзеге асыру саласында сапа менеджменті жүйесі» стандарты енгізілді.
2011
С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ мен Украина ұлттық фармацевтикалық университетімен бірге оригинал дәрілік препараттың фармацевтикалық өндірісі.
2013
GMP талаптарына сәйкес ауаны және суды дайындау жүйесін енгізу және іске қосу.
2014
Ғылыми-тәжірибелік бақылау-аналитикалық зертхана аттестацияланды.
2014
Майлы сығындылар мен суппозиторилер өндіріс аймағына «тиісті өндірістік тәжірибе» GMP стандарттарын енгізу және дәрілік заттар айналымы саласында мемлекеттік стандарттарға сәйкестік сертификатын алу.
2014
GACP «Дәрілік өсімдіктерді тиісті мәдени өсіру және жинау тәжірибесі» стандарттарын енгізуге дайындықтар жүргізу.
2015
Табиғи өсімдіктекті шикізат негізінде жаңа оригинал дәрілік препараттар тіркелді: қалақай майы, мия майы, киіз шоңайна майы, полифиттік Шукир майы, Қызылмай шырғанақпен суппозиториі.
2015
HACCP «тағамдық өнімдер қауіпсіздігі менеджмент жүйесі. Тағамдық өнімдерді өндіру мен тұтыну саласындағы барлық ұйымдарға қойылатын талаптар» стандартын енгізу.
2016 қаңтар
ЕО талаптарына сәйкес суппозиторийлерді өндірудің екінші жолы (Италия) іске қосылды.
2022 ақпан
Компания мерейтойы – Қазақстанның фармацевтика нарығында 30 жыл.
Қымбатты достар! Фитолеум ұжымы сіздерді бізбен бірге болғандарыңызға, дәріхана табалдырығынан аттағанда бізге, отандық өндірушіге басымдық беретіндеріңізге, жылы лебіздеріңіз бен сөздеріңізге, пікірлеріңізге, қолдауларыңызға және біздің өнімдерімізді таңдайтындарыңызға алғыс білдіреді. Жетілуімізге және алға басуымызға көмектесетіндеріңіз бізді өте қуантады! Біз болсақ, қолжетімді баға бойынша жоғары сапаға кепілдік береміз.
Құрылған сәттен бастап осы 30 жыл ішінде қиын-қыстау кезеңдерді бастан өткердік, тар жол, тайғақ кешуден өттік, жұмыстың ыстығына да, суығына да төзе білдік. Дегенмен, біздің ең басты жетістігіміз – сатып алушыларымыздың сенімі деп білеміз, себебі ФитОлеум компаниясының ең танымал өнімі – «Қызыл май» полифитті майымен бірнеше ұрпақ өсті ғой! Миллиондап сатылған құтылар, сатып алушыларымыздың мыңдаған алғыс сөздері – мерейтойымыздың басты қорытындысы! Сатып алушымыздың сенімі – біз үшін басты құндылық әрі үлкен сыйлық! Сіздерге рақмет!