ҚАЗ
Қызыл май прополиспен суппозиторилер

Фитолеум Қызылмай прополиспен суппозиторийлер

Шетін мәселелерді шешуде тиімді көмекші
  • 100% табиғи құрам.
    Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Әйелдер мен ерлер үшін
  • Клиникалық дәлелденген тиімділік
  • Жүктілік және лактация кезінде қолдануға болады
  • GMP қауіпсіздік пен сапа кепілдігі
  • Фармакология саласындағы мамандармен әзірленген

Сипаттама

Фитолеум Қызылмай прополиспен суппозиторийлер – өсімдік тектес құрал – Фитолеум Қызыл май полифит майы және прополис негізінде әрекет ететін ректальді және вагинальді түрде қолданылатын суппозиторийлер болып саналады.

Емдік әсері, Фитолеум Қызыл майдың, прополис және тығындәрі заттарының (15-тен астам химиялық дербес құрауыштан тұратын ара балауызы, сондай-ақ какао майының негіздері) үйлесімі арқасында қамтамасыз етіледі.

Шығару түрі: 10 суппозиторий.

Не үшін қолданылады

Проктологиялық ауруларға шалдыққанда

Геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Урологиялық ауруларға шалдыққанда

Циститтерде, простатитте

Гинекологиялық ауруларға шалдыққанда

Жатыр мойнының эрозиясында, вагиниттерде, эндоцервиттерде.

Прополис + 7 дәрілік өсімдік

Фитолеум Қызылмай прополиспен суппозиторийлерін өндірудің түпнұсқалы технологиясы, биологиялық белсенді құрауыштарды алып шығаруға, сақтауға және де: қабынуға қарсы, регенерациялайтын, ауырсыну сезімін басатын, антисептикалық, спазмолитикалық, жараны жазатын әсерді қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Тығындәрі құрамындағы прополис дызылдауға қарсы және ауырсыну сезімін басатын айқын әсерге ие.

Нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем құрамында

  • гинекологиялық ауруларда – жатыр мойнының эрозиясында, вагиниттерде, эндоцервиттерде
  • урологиялық ауруларда – циститтерде, простатитте
  • проктологиялық ауруларда – геморройда, анустың жарылуында, колиттерде, энтероколиттерде, проктиттерде.

Қолдану тәсілі және дозалары

Суппозиторийлер қынаптық және ректальдік түрде қолданылады. Аурудың дәрежесіне қарай 1 суппозиторийден күніне 1-2 рет тағайындайды. Емдеу курсы 7-10 күн.

Cондай-ақ қараңыз › Тығындәріні қалай дұрыс салу керек?

Жағымсыз әсерлері

Сирек жағдайларда: қышыну, күйдіру, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтатқан жөн.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

  • Препарат компоненттерінің қандай да біріне жекелей жоғары сезімталдықта

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

Анықталмаған

Айрықша нұсқаулар

Педиатрияда қолдануы:

  • Препаратты балалар практикасында қолдану тәжірибесі жоқ.

Жүктілік және лактация:

  • Препаратты жүктілік және бала емізетін аналарға пайдалануға болады.

Препараттың автокөлікті немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшелігі:

  • Әсер етпейді

Артық дозалануы

Анықталмаған

Сақтау шарттары

Құрғақ жерде, 18°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Дəріханалардан босатылу шарттары

Рецептісіз.

Пікірлер

Өте жақсы тығындәрі. Эрозияға шалдыққан едім. Қолданғаннан кейін 6 ай бойы ештеңе мазаламайды. Кеңес беремін.

– Ася Е.

Тығындәрілеріңіз жүктілік кезінде де, жүктіліктен кейін де жақсы көмектесті. Рахмет! Оның үстіне, бұл антибиотик емес. Сонымен бірге, дәрігер кеңес берген дәріден әлдеқайда арзан болып шықты. 2 күн ішінде жағдайым жақсарды, геморрой емделді.

– Амангуль

Тығындәрілеріңізді қолдануға Мәскеудегі профессорлар мен м.ғ.к. да кеңес береді екен! Мен өзім бір жағынан таңғалдым, екінші жағынан отандық өнімімізді мақтан тұттым.

– Ляззат К.

Сіздің пікіріңіз -
біз үшін ең жақсы алғыс және одан әрі дамуға талпынысу

Біздің әлеуметтік желілерімізде өз пікірлеріңізді, сұрақтарыңызды және тілектеріңізді жазыңыз:

@fitoleum

Сату орындары  →

Қайда сатып алуға болады

Қызыл май прополиспен суппозиторилер

Фитолеум Қызылмай прополиспен суппозиторийлерін өз қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) сұраңыз!

Біз дәрі-дәрмектерді жеткізумен айналыспаймыз.

Интернет-дәріханалардың тізімі:

  • kz.apteka.com (Барлық аймақтар)
  • gippokrat.kz (Астана,, Қарағанды)
  • europharma.kz (Алматы, Астана, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Қарағанды, Қызылорда, Орал, Талдықорған, Тараз, Семей, Түркістан, Атырау, Сарыағаш, Көкшетау, Шымкент)
  • daribar.kz (Алматы, Астана)

Бағасы

Фитолеум Қызылмай суппозиторийлерінің баға диапазоны – 800–1500 теңге. Бағасы дәріхана мен қалаға (Қазақстанда) байланысты.

Нақты дәріханадағы нақты бағасын жоғарыдағы сілтемелер арқылы өтіп біле аласыз.

Қазақстанда тұрмасаңыз

Фитолеум Қызылмай суппозиторийлері дәрілік препарат болып табылатындықтан, оларды Қазақстаннан тыс жерлерде сатып алуға мүмкіндік жоқ. Сондықтан біз ЕАЭО елдерінде тапсырыс беру үшін қолжетімді, қолданылу спектрі ұқсас, жақсартылған формуласы бар құралды – Fitoleum Прополис крем-қарындаштарының әзірледік. Өнімді келесі жерлерде сатып алуға болады:

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 32 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.