Проктологиялық тәжірибе

«Кызыл май»  полифиттік майын проктологиялық тәжірибеде қолдану.

Слесарева О.Ф., АРДЦ, Алматы қ-сы

1994 ж. 84 науқасқа полифиттік майы тағайындалып, емдеу жүргізілді. Олеотерапия келесі патологияларда жүргізілді:

  • Тік ішектің және сигманың эрозиялы-жаралы зақымдалулары (32 адам);
  • Анус пен перианалды аймақтың қабыну аурулары (40 адам);
  • Жарақаттар мен оталық араласулар (12 адам).

Тәжірибеде полифиттік май мен ПФМ негізіндегі линимент қолданылды. Ішектің қабыну ауруларында ПФМ клизма түрінде оны жәй маймен  (1:3, 1:5) қатынаста сұйылту арқылы жылытылған-жайлы күйде енгізілді. Тік ішектің ампуллярлы бөлігіндегі зақымдалу кезінде ПФМ және линиментпен емдеу бір мерзімде жүргізілді. Дәріні енгізу күіне екі рет, емдеу ұзықтығы 2 аптаны құрады.

Анус аурулары кезінде сұйылтылмаған полифиттік май мен линимент қолданылды. Дәріні енгізу күніне 2-4 рет жүргізілді, Емдеу ұзықтығы 3-10 күнді құрады.

Жалпы қабылдаған әдістермен қабынуға қарсы және репаративті әсері бар басқа дәрілік заттармен (метилурацил, итмұрын майы, шырғанақ майы) салыстырғанда ПФМ оң жақтары ғана тіркелген.