ҚАЗ

Шукур май, полифитті май

шукур май
  • 4 дәрілік өсімдік
  • 100% табиғи өнім
  • Консерванттар мен бояғыштарсыз
  • Клиникалық дәлелденген тиімділігі
  • Қазақстанда жасалған

Шукур май – полифитті май, Фитолеум компаниясынан өсімдік тектес дәрілік зат.

Дәрілік өсімдіктердің 4 түрінен түпнұсқа технология бойынша дайындалған 100% табиғи сығындысы.

Шукур майының өсімдік құрамына келесі биологиялық белсенді заттар кіреді: сапонинді гликозидтер – глицирризин, глицирризин қышқылы, инулин, танногликозидтер, антрагликозидтер, антрахинонды қосылыстар, С дәрумені, каротиноидтар, К1, В1, В2, РР дәрумендері, пантотен қышқылы, макро- және микроэлементтер, уртицин, флавоноидтар.

Ары қарай оқу

Қурамы

* өсімдіктер фармакологиялық белсенді заттардың максималды жинақталуы кезінде Іле Алатауының экологиялық таза аудандарында жиналады.

Босатылу түрі

50 мл  /  100 мл

Шукур майы өндірісінің өзіндік технологиясы өсімдіктерден биологиялық белсенді компоненттерді алуға және сақтауға мүмкіндік береді: қабынуға қарсы, қант төмендететін, гепатопротекторлы (бауыр тіндерін қорғау) әсері.

Осының арқасында Шукур май кешенді терапия құрамында пайдалануға болады:

Асқазан-ішек жолының аурулары кезінде

Бауыр мен өт шығаратын жолдардың ауруларында, асқазан және 12 елі ішектің ойық жараларында, гастриттерде, колиттерде, геморройда.

Бронх-өкпе жүйесінің қабыну аурулары кезінде

Бронхиттерде, бронх демікпеде.

Тері аурулары кезінде

Дерматиттерде.

Шукур май нұсқаулығы

Қолданылуы

Кешенді ем кезінде:

  • бауыр мен өт шығаратын жолдардың ауруларында
  • асқазан және 12 елі ішектің ойық жараларында
  • гастриттерде
  • колиттерде
  • геморройда
  • бронхиттерде
  • бронх демікпеде
  • дерматиттерде

Қолдану тәсілі және дозалары

7 жасқа дейінгі балаларға – күніне 4 рет ½ шай қасықтан; 7 жастан асқан балаларға және ересектерге – тамақтануға дейін 15-20 минут қалғанда күніне 4 рет 1 шай қасықтан ішке қабылдайды. Сыртқа: тері ауруларында зақымдалған жерге күніне 2-3 рет жағу керек.

Жағымсыз әсерлері

  • сирек жағдайларда: қышыну, шымылдатып ашыту, гиперемия. Жағымсыз құбылыстар және басқа да реакциялар пайда болған кезде препаратты қолдануды тоқтату керек.

Қолдануға болмайтын жағдайлар

Препаратқа жоғары сезімталдық.

Дәрілермен өзара әрекеттесуі

  • препарат компонеттеріне жоғары сезімталдық

Айрықша нұсқаулар

Жүктілік және лактация кезеңі:

  • Жүктілік және лактация кезеңінде дәрігердің тағайындауы бойынша қолдану керек.

Препаратты көлік құралын немесе қауіптілігі зор механизмдерді басқару қабілетіне ықпал ету ерекшеліктері:

  • Әсер етпейді.

Артық дозалануы

Препаратпен артық дозалану жағдайлары анықталған жоқ.

Сақтау шарттары

Жарықтан қорғалған жерде, 25°С-ден аспайтын температурада сақтау керек. Пайдаланудың алдында шайқау керек! Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!

Сақтау мерзімі

2 жыл. Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.

Қайдан сатып алуға болады

Сіздің қалаңыздағы дәріханалардан (Қазақстанда) Шукур май майын сұраңыз!

Біз дәрі жеткізбейміз.

Интернет-дәріханалар тізімі:

Неліктен Фитолеум (Fitoleum)?

Фитолеум (лат. Fitoleum) компаниясы бірегей дəрілік препараты «Қызыл май» майының алғашқы өндірушісі болып табылады.
Қазақстан нарығында 28 жыл. Миллиондаған сатылған қаптамалар жəне біздің қымбатты сатып алушыларымыздан түскен жүздеген пікірлер мен алғыстар.
Компания өнімі клиникалық сынақтан өтеді, 100% табиғи құрамы бар, консерванттар мен бояғыштарсыз.
Өндіріс Есік қаласында, экологиялық таза Іле Алатау тау етегінде орналасқан.
Компания GMP стандартына сәйкес жұмыс істейді (Тиісті өндірістік тәжірибе). Біз өнімнің қауіпсіздігі мен сапасына кепілдік береміз!
Біз өнім сапасын үздіксіз арттыруды қамтамасыз ете отырып, толық айналымның органикалық өндірісіне қарай бет алып келеміз.