ҚАЗ

Қара зире

Қара зире немесе Nigella sativa – сарғалдақтар тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Тұқымдарында эфир майларының болуына байланысты бұрыш дәмі мен мускат жаңғағының иісі бар. Қара бұрыштан айырмашылығы, шырышты қабықты тітіркендірмейді. Қара зире жапырақтары мен тұқымдарының майы Азияда, Таяу Шығыста және Африкада ғасырлар бойы медициналық мақсатта қолданылған. Дәстүрлі түрде тыныс алу жүйесінің, асқазанның, ішектің, бүйректің, бауырдың, жүрек-қан тамырлары жүйесінің ауруларына, иммунитетті арттыруға және дененің жалпы денсаулығын жақсартуға бағытталған әртүрлі процедуралар үшін қолданылады.

Өсімдіктің фитохимиялық құрамына алуан түрлі қосылыстар кіреді: стероидтер, алкалоидтар, липаза ферменті, эфир майы, майлар, тритерпен сапониндері, кумариндер, флавоноидтар, фенолкарбон қышқылдары, амин қышқылдары, көмірсулар, ақуыздар, минералдар, мелантин гликозиді, ащы заттар және таниндер, дәрумендер.

Зерттеушілер қара зире тұқымынан алынған сығынды эстрогендік әсер ететінін және спазмолитикалық қасиеттерге ие екенін анықтады. Қара зире эфир майының негізгі компоненттерінің бірі – тимохинон – ауырсынуды басатын әсерге ие. Сонымен қатар, оның өт айдаушы әсері расталған, яғни ол май алмасу және детоксикация процесстеріне қатысады. Сондай-ақ, оның микробқа қарсы, зеңге қарсы және вирусқа қарсы жоғары белсенділігі анықталған.