Қырмызыгүл әлемнің көптеген елінің официалды және халық медицинасының дәрілік өсімдіктерінің ассортиментінің тізіміне енген. Ежелгі Грецияда қырмызыгүлді емдік қасиетіне байланысты қолданған. Бүгінгі күні қырмызыгүл тек қана емдік өсімдік емес, сонымен бірге өсімдіктер қорғаушысы, декоративті өсімдік, кулинарияда қолданылады. Қырмызыгүл гүлдері көптеген халықтар мәдениетінде сары жылтыр түсіне қарап, сұлулықты бейнелейтін күнмен ұқсастырылған.
Қырмызыгүл Cotnpositae – күрделігүлділер немесе Asteraceae – астралар тұқымдастығына жатады. Өзіне тән исі бар біржылдық шөптесін өсімдік. Сабақтары тіктұратын, бұтақталған. Жапырақтары кезектескен, төменгілері салбыраған. Гүл кәрзеңкелері адемі, ашық-қызыл-сары. Өсімдік биіктігі 20-50 см.
Гүл кәрзеңкелері ащы зат календен, шырышты заттар, шайырлар, алма қышқылы, пентадецил қышқылы және салицил қышқылының, каротиндер – каротин, ликопин, виолаксантин, рубиксантин, цитраксантин, флавохром, флавоксантин, хризантемаксантин, аз мөлшердегі алкалоидтар, эфир майлары мен фитонцидтерден тұрады.
Қырмызыгүлдің негізінен қабынуға қарсы, жараны жазушы, бактерицидті, түйілуді басатын, өт айдайтын, тыныштандырушы, гипотензивті, жүрек қызметін қалпына келтіретін, ісінуді басатын әсерге ие. Қырмызыгүл асқазанның секреторлық белсенділігінің артуына, өттің бөлінуіне, өт қабында өт қоюласып тұрып қалуын болдырмайтын қабілетке ие.