ҚАЗ

Қызыл ащы бұрыш

Қызыл ащы бұрыштың мекені Үндістан мен Америка болып саналады. Ежелгі үнді ғалымдарының 3000 жыл бұрынғы еңбектерінде қызыл бұрышты қолдану туралы жазбалар кездеседі. Ежелгі Римде бұрыш ақша белгісі саналып, тауарлар ашытуы бұрышқа ауыстырыл отырған.

Қызыл бұрыш биіктігі 60 см жететін бұтақталған сабақтары бар, эллипсті жапырақтары бар, жемісі азшырынды жеміс түрінде шар тәріздес. Сарыдан қызылға, одан қара түске дейін құбылады.

Бұрыш құрамында көмірсулар, дәрумендер бета-каротин, А, В, Е, С, К, РР; минералды заттар – калий, фосфор, магний, кальций, натрий, темір, мыс, мырыш, марганец, селен.

Қызыл бұрыш тамақты қорытуға көмектеседі, асқазанға жеңілдік береді. Тромбозды болдырмайды. Ағзада зат алмасуға белсене қатысып, қанды қоректік заттармен толықтырады.

Қызыл бұрыштың шашқа пайдасы:

  • Тері жасушаларында микроциркуляцияны, қанайналымды жақсартады.
  • А дәрумені зақымдалған жасушаларды регенерирлейді, С дәрумені шаштың сыртқы факторларына тұрақтылығын артырады, В6 дәрумені шаштың қалыңдауына, өсуіне пайдалы, түсуін болдырмайды.