🎈 Біз 30 жаста!
ҚАЗ

Мыңжапырақ

тысячелистник

Мыңжапырақ көптеген майда бөлік, тілімді жапырақтарының пішіні салдарынан өз атауын алды. Ал өзінің Achilléa, латынша атауын – өсімдікті жараларды жазатын құрал ретінде қолданған Троян соғысының мифологиялық кейіпкері Ахиллестің құрметіне алды.

Мыңжапырақ дәмтатымдық, сәндік, балды және дәрілік өсімдік ретінде қолданылады. Дәрілік шикізат есебінде гүлшоғыры мен шөбі алынады. Өсімдік әртүрлі елдердің медицинасында қан тоқтатқыш, қабынуға қарсы, өт айдайтын, зәрайдағыш, түйілуді басатын, тыныштандыратын және сергітетін зат ретінде кеңінен қолданылады.

Оны ішке қан ағу (ішек, өкпе, геморройлық, жатырлық), асқазан-ішек жолдары бұзылыстары, колит, ойық жара ауруы, гастрит, бауыр мен өт жолдарының ауруларына, зәр шығару жолдарының қабынуы кездерінде тағайындайды.