ҚАЗ

Пішеншөп жапырағы

Кассия немесе александрлық жапырақ ретінде танымал. Патшалық Ресейге Александр египеттік порты арқылы әкелінген. Leguminosae тұқымдасына жататын жабайы күйінде шөл далада Африканың шөлейт жерлерінде өседі. Оңтүстік Қытай, Үндістан, Африка, Аравия, Өзбекстан, Тәжікстан, Түркменстан сияқты құрғақ субтропикада мәдени өсіріледі.

Ыстықты ұнататын өсімдік биіктігі 1 м. Жапырақтары қаз-қатар орналасқан, ланцет тәрізді, өткірұшты. Маусымнан күзге дейінгі уақытта гүлдейді. Гүлдері сары. Жемістері – сары-қоңыр, тұқым камераларының күңгірт түсі білінетін ауқымды дән.

Жапырақтары тоқ ішектің қимылына оң әсер етеді, сол себептен оны іш айдайтын және өт айдайтын зат ретінде қолданады. Оны көтеуде, анустың жарықтарында, бауыр мен өт қабының ауруларында тұндырма және қайнатпа түрінде қолданады. Дәрілік өсімдіктің пайдалы қасиеттері конъюнктивитте, пиодермияда, терінің әртүрлі ауруларында тиімді.