ҚАЗ

Зәйтүн майы

Зәйтүн майы орташа өмір сүру ұзақтығы жүздеген жылдармен өлшенетін зәйтүн ағаштарының жемістерінің жұмсақ етінен және сүйектерінен алынады. Ежелгі заманнан бері бұл май Жерорта теңізі асханасының ажырамас бөлігі болып табылады. Оған моноқанықпаған май қышқылдарының, әсіресе олеин қышқылының жоғары құрамы тән. Ғалымдар бұл қышқылдар бір уақытта «жаман» холестерин деңгейін төмендетіп, «жақсы» холестерин деңгейін сақтайды деп болжайды, алайда нақты әсер ету механизмі әлі анықталған жоқ. Жерорта теңізі диетасын ұстану жүрек-қан тамырлары ауруларының қаупін азайтуын, ғалымдар зәйтүн майының құрамындағы фитостеролдардың, полифенолдардың, олеоканталдың болуымен түсіндіруге тырысуда. Бұл заттар антиоксидантты және қабынуға қарсы әсерге ие, бос радикалдарды бейтараптандырады, ас қорытуды жақсартады және дененің қартаю процесін баяулатады.

Осы қасиеттердің арқасында зәйтүн майы косметологияда да өз қолданысын тапты. Оның негізінде терінің сұлулығы мен жастығын сақтау үшін әртүрлі бальзамдар, маскалар, кремдер жасалады. Зәйтүн майы терінің ұсақ тесіктерін бітемейді, гипоаллергенді, сондықтан балалар косметикасында жиі қолданылады, құрғақ, сезімтал және сола бастаған теріге өте қолайлы.